Екібастұз қаласы әкімдігінің
«Екібастұз қаласында 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық әрі/немесе құқықтық салдары жоқ.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА https://legalacts.egov.kz бөліміне орналастырылды.