4.Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.
5.Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру
4.Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.
5.Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
* көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі . Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірі немесе заңды өкілі (сәйкестендіру үшін);
4) әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен (бар болса) расталған анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
5) білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі;
6)Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болса);
7) фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;
8) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте жолдама алу мүмкіндігін растайтын құжаттар.
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру».
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысаны-денсаулық жағдайы бойынша білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ білім алушылар үшін дәрігерлік - консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы;
3) үлгерімнің электрондық табельдері – оқытудың бүкіл кезеңі ішінде барлық зерделенген пәндер бойынша «4» және «5» бағалары бар білім алушылар үшін;
4) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдар шетелге кеткен жағдайда шетелде уақытша тұруы туралы электрондық анықтама;
5) білім алушы шетелге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың еріп жүруінсіз кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының атына оның шетелде оқығанын растайтын электрондық құжат.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
1 сәуірден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелікжылдың 31 тамызына дейін ұзартылды;
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар келесі құжаттарды ұсынумен қабылданады:
Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:
сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2)туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда);
3) жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін-қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтама;
4) мүгедектігі туралы анықтамалар-мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы – даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін;
5) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтамалар;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табыстар (жұмыс істейтін ата – аналардың немесе оларды алмастырушылардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға арналған алимент түріндегі табыстар) туралы мәліметтер.
«Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымдарға және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
1) баланың туу туралы куәлігі.
2) ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
3) оқу орнынан анықтама.
Қорғаншылық және қамқоршылық секторы 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру”
“Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру”
“Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес" жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу”;
“Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес" қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау”;
“Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау”;
“Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау”;
“Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау”;
“Балаға теріс әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру”;
“Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешімін беру”;
“Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою”.
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру-толық автоматтандырылған
"Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған немесе бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылады.
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтама осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-30 (отыз) минут.
Құжаттар тізімі - белгіленген нысандағы өтініш
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.
Ішінара автоматтандырылған-7
“Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою”,
“Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру " Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу ",
" Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау ",
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау ",
" Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау ",
" Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау ".
Қызметтерді электрондық үкімет порталы, ХҚКО арқылы алуға болады.
Автоматтандырылмаған-2 қызмет
“Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру”
" Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешімін беру ".
Қорғаншылық және қамқоршылық секторы ағымдағы жылы барлығы 296 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
Электрондық үкімет порталы арқылы 174 қызмет көрсетілді,
ХҚКО арқылы-58 қызмет,
Білім бөлімінің кеңсесі арқылы – 64 қызмет.
Құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру www.egov.kz азаматтар үшін өте ыңғайлы, себебі бұл портал азаматтарға үйден шықпай-ақ жұмыс органына электронды өтініш жолдауға мүмкіндік береді.