Бүгінгі таңда Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға отбасы табуда және отбасылық тәжірибе алуға көп мүмкіндік беретін отбасылық формаларының әртүрлі нысандары белсенді дамуда.
Мемлекет баланың қажеттіліктеріне сейкес келетін және оның әлеуметтенуіне, тәрбиесі мен дамуына оңтайлы жағдай жасайтын балаларды орналастырудың отбасылық форма түрлеріне басымдық береді (қамқоршылық, қорғаншылық, патронаттық тәрбие, бала асырап алу).
«Екібастұз қаласы әкімдігінің» ММ бөлімі неке және отбасы саласында мемлекеттік қызметтерді «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетеді:
Заманауи ақпараттық әлемде мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.egov.kz электрондық веб-порталы арқылы алуға болады.
Ол үшін электрондық өтінішті және қажетті құжаттар тізбесін мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жіберуге болады.
Электронды өтінішті тәулік, мереке және демалыс күндеріне қарамастан кез-келген уақытта, ғаламтор желісіне қолжетімділігі бар кез-келген компьютер, планшет немесе телефон арқылы беруге болады.
Егер сіз ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алушы отбасыңызға қабылдағыңыз келсе, оған қамқоршылықты, патронаттық тәрбиені рәсімдегіңіз немесе оны асырап алғыңыз келсе, сіз әрқашан тұрғылықты жеріңіздегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарына жүгіне аласыз.
Толығырақ ақпаратты Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің сайтынан және телефон арқылы ала аласыз: 28-03-48, мекен-жайы: Екібастұз қ., Б.Момышұлы көшесі, 70А.
Білім бөлімінің бас маманы Ныгманова Н.К.