Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 548/6 қаулысымен Екібастұз қаласының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібі бекітілді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша бояуға жататын жедел және арнаулы қызметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты м. а. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 қаулысының жобасымен Екібастұз қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі жоғарыда көрсетілген құқықтық актілерге сәйкес келтірілген.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасы "Электрондық үкімет" порталында "ашық НҚА" бөлімінде мына мекенжайда орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14905048.