GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Бөлім туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
07 октября 2026
2026 жылғы 7 қазанда «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-нің жанындағы Арнайы комиссияның кезекті отырысы өтті.

Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша 63 іс қаралды.

Аталған мемлекеттік қызметті алуға өтінішті Екібастұз тұрғындары eGov.kz веб-порталы арқылы «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде қашықтықтан бере алатынын еске саламыз.

Мұрағаттық деректерді алдын ала салыстыру, іс макеттерін тексеру және кеңес алу үшін азаматтарды қабылдау тікелей қызмет берушіде Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 502-кабинет (анықтама телефоны: 8 (7187) 74-01-77). мекенжайында жүргізіледі.

07 октября 2026
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (сауықтыруға) Әлеуметтік көмек

Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі №328/42 шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес азаматтардың келесі санаттарына:

  • Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға;

- 1992 жылғы қыркүйекпен 2001 жылғы ақпан аралығында ТМД шекарасын тәжік-ауған учаскесінде күзетуді күшейту жөніндегі мемлекет аралық шарттармен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

- 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО дағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

- 1986-1987, 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға сауықтыруға әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

Әлеуметтік көмектің бұл түрі жылына бір рет 50 АЕК мөлшерінде (2026 жылы – 216 250 теңге) көрсетіледі. Әлеуметтік көмек алу үшін: өтініш, жеке басын куәландыратын құжат не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат; мәртебесін растайтын құжат;                          20 таңбалы жеке шот нөмірі ұсынылады.

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-не 1-қабаттағы, № 106 кабинетке  (телефондар: 740120, 740081) жүгінуге болады.

23 сентября 2026
Бүгін Павлодар қаласында «Еңбек жолы – 2026» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
«Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша биыл Екібастұз өңірінен 10 өтінім берілді.
          Облыстық кезең қорытындысы бойынша Екібастұз өңірінің өкілдері келесі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:
🏆 «Өндірістің үздік жас қызметкері» —
Адиль Гибратович Маликов, «Булат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС.
🏆 «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» —
Бекмурат Серикбаевич Сагинбаев, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС.
🏆 «Үздік еңбек әулеті» — Поляковтар отбасы, «Богатырь Көмір» ЖШС.
«Еңбек жолы» республикалық байқауы еңбек беделін арттыруға, жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге, тәлімгерлікті дамытуға және еңбек дәстүрлері мен ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Бұдан әрі кәсіби табыстар, жаңа белестер және республикалық деңгейде жетістіктер тілейміз!
23 сентября 2026
Кәсіптік оқыту — жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктері
2026 жылғы 21 қыркүйекте пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған              10 азаматқа кәсіптік оқудан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.
Оқыту аясында қатысушылар еңбек нарығында сұранысқа ие: электргазбендәнекерлеуші, аспаз, жүк тиеу жүргізушісі, логист және жол жұмыскері мамандықтарын игерді.
Оқыту полиция басқармасының және пробация қызметінің есепке алынушыларына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. «Антарес А» ҚҚ-на әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдағаны және іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Сертификат алу — маңызды кезең, бірақ басты міндет бұдан әрі жұмысқа орналасу және тұрақты жұмыспен қамтылу. Алынған кәсіби дағдылар еңбек қызметіне, өзін және отбасыларын өздігінен қамтамасыз етуге қосымша мүмкіндіктер ашады.
Бағдарламаға қатысушыларды сүйемелдеу және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде жалғастырылатын болады.
21 сентября 2026
«Қамқорлық» қайырымдылық айы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінен 19 қазанына аралығында Екібастұз қаласында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы басталады.

         Қаланың барлық тұрғындарын, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларын, жеке кәсіпкерлерді, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды, меценаттарды, оқу орындарын, жастар бірлестіктерін, волонтерлер және өзге қоғамдық құрылымдарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз және мұқтаж азаматтарға - мүгедектігі бар адамдарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлерге, жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектігі бар адамдарға және зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыз азаматтарға, жетім балалар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және т.б., әлеуметтік қолдау көрсетуді сұраймыз.

13 сентября 2026
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

2026 жылғы 10 қыркүйекте қала әкімінің орынбасары Б. С. Иманғалиеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша мүгедектігі бар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуын қамтаваисыз етуге, жергілікті жерлерде еңбек дауларының алдын алу бойынша келісу комиссиялары жұмысының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ еңбек шарттарын «Еңбек.KZ» жүйесінде тіркеуді бақылауды күшейтуге бағытталған хаттамалық шешімдер қабылданды.

#Екібастұз #ЕкібастұзӘкімдігі #ӘлеуметтікӘріптестік #ЕңбекҚатынастары #ЕңбекКз

08 сентября 2026
Қарттар күніне арналған әлеуметтік көмек

Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 22 шілдедегі «Павлодар облысы және қалалары мен аудандарының жергілікті өкілді органдарына алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін келісу туралы» № 200/1 қаулысына сәйкес                   1 қазан – Қарттар күніне арналған біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған:

- зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарға – 3 АЕК (12 975 теңге);

- зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға  – 4 АЕК (17 300 теңге).

Анықтама үшін: 2026 жылы Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгені құрайды.

Қосымша ақпаратты Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-де 1-қабаттағы, № 106 (телефон: 74-01-20, 74-00-81) кабинеттен  алуға болады.

26 августа 2026
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ!

«Ресурсная мама» қоры «Ресурсты ана. EXPO» әлеуметтік-кәсіпкерлік ExpoForum-ына қатысушылар қабылдайды.

📅 26 қыркүйек 2026 жыл
📍 Павлодар қаласы

Бұл — өз идеясын, кәсібін, өнімін, қызметін немесе әлеуметтік жобасын таныстырып, жаңа деңгейге көтерілгісі келетін әйелдерге арналған мүмкіндік алаңы.

Біз Павлодар облысының барлық қала және аудандарынан:

— декреттегі аналарды;
— көпбалалы аналарды;
— жалғызбасты аналарды;
— ерекше білім беру қажеттілігі бар және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарды;
— өз кәсібін дамытып жүрген әйелдерді;
— өз ісін бастағысы келетін және жаңа мүмкіндіктер іздеп жүрген әйелдерді шақырамыз.

EXPO-форумға қатысу сізге не береді?

— өзіңізді, өніміңізді немесе жобаңызды таныстыру мүмкіндігі;
— жаңа клиенттер мен серіктестер табу;
— пайдалы іскерлік байланыстар орнату;
— сарапшылардан кеңес алу;
— жобаны дамыту және ауқымын кеңейту мүмкіндіктерін көру;
— өз идеяңызды болашақ серіктестер мен инвесторларға ұсыну.

Негізгі идея: «Идеядан — бизнеске. Алғашқы қадамнан — дамуға».

Қатысуға өтінім беру үшін:

📞 +7 775 620 7078, +7 775 655 9837
📲 Instagram: @resource_mama_kz

Орын саны шектеулі.

«Ресурсты ана. EXPO» — сіздің идеяңыздың жаңа бастамасына айналуы мүмкін!

«Ресурсная мама» қоры

27 июля 2026
Еңбекші мігранттарға рұқсат рәсімдеу толықтай қашықтықтан көрсетілетін форматқа көшірілді

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында иммигранттарға жеке тұлғалардың қарамағында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру, ұзарту және оның күшін жою рәсімдері тек электрондық форматта жүргізіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) немесе Жұмыспен қамту бөліміне жеке келудің қажеті жоқ.

Еңбек қызметін 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге заңды түрде жүзеге асыруға өтінімді eGov.kzнемесе migration.enbek.kz порталдары арқылы жолдауға болады.

📋 Мемлекеттік қызметті алудың қадамдық алгоритмі:

1-қадам: Дайындық кезеңі
Еңбекші мігрант Қазақстан Республикасында ЖСН (ИИН) алуы және өз телефон нөмірін Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркеуі қажет. Болашақ жұмыс берушімен (жеке тұлғамен) еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім рәсімделеді.

2-қадам: Электрондық өтінім беру
eGov.kz немесе migration.enbek.kz порталында авторизациялау ЭЦҚ, QR-код немесе SMS-пароль көмегімен жүзеге асырылады. «Қызметті онлайн тапсырыс беру» бөлімі ➡️ «Өтініш беру» қызметін таңдау ➡️ жұмысқа алушы мен қызметкердің сауалнамалық мәліметтерін толтыру.

3-қадам: Жүйелерді автоматты түрде тексеру
Құжаттарды қағаз жүзінде ұсыну толықтай жойылды. Медициналық анықтамалар, міндетті сақтандыру полисі және салық төлемдерінің түбіртектері сабақтас мемлекеттік органдардың дерекқорларынан автоматты түрде біріктіріледі.

4-қадам: Шешім шығару және нәтижені алу
Өтініш жергілікті атқарушы органның қарауына түседі. Бірегей нөмірі бар электрондық рұқсат регламентте белгіленген мерзімде пайдаланушының Жеке кабинетіне жолданады.

⚠️ Маңызды ескерту:
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу, соның ішінде еңбек қызметін қолданыстағы рұқсатсыз жүзеге асыру ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

27 июля 2026
Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы №118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы №118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын ( бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.

Осы жобаны әзірлеу мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру болып табылады.

Шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы                                 8 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» № 117 бұйрығымен әзірленді.

«Ашық НҚА» интернет-порталындағы сілтеме:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15881767

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы