ЖОБА
Екібастұз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойыншаүйде оқытуға жұмсаған шығындарды
өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы, 1 - тармағы, 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы, 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы, 2- тармағы, 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіру тоқсан сайын (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Мүгедек баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар төлемі бір жылға тағайындалады және оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне төленеді.
3. Мүгедек бала 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыз ету төлемі тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 4 шілдедегі «Екібастұз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу туралы»
№244/30 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3900 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 11 тамызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |