ЖОБА
Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 220/26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 220/26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5860 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 ақпанында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
6 тармақ 8-8) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«8-8) Бұрын бір деңгейдегі білім беру ұйымдарында басқа мамандық бойынша оқығаны үшін өтем алғандарды қоспағанда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен жоғары немесе орта – арнайы (кәсіптік) білім алуға табыстарын есепке алмай үзінді көшірмесі бар мүгедек студенттер;»;
6 тармақ 8-9) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«8-9) бірінші және екінші топтағы жалғыз ілікті және жалғыз тұратын мүгедектер;»;
7 тармақ 2-12) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«2-12) осы Қағиданың 6 тармағы 8-8) тармақшасында көрсетілген санат үшін бір оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында нақты оқу ақысын төлеуге – 60 (алпыс) АЕК, Қазақстан Республикасының арнаулы орта оқу орындарында – 30 (отыз) АЕК жеке басын куәландыратын құжатпен берілген өтініш, мүгедектігі жөнінде анықтама, мүгедекті жоғары немесе арнаулы білім беретін оқу орнынан екі жақты шарт көшірмесі, жоғары немесе кәсіптік және техникалық білім алу туралы ұсынысы бар мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы сертификат немесе кешенді тестілеу сертификатының көшірмесі, келесі курсқа ауыстыру туралы оқу орнынан анықтама негізінде;
Егер оқу құны белгіленген әлеуметтік көмек мөлшерінен төмен болса, төлем тиісті оқу жылына бекітілген нақты құн бойынша жүргізіледі;»;
7 тармақ 3-9) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«3-9) осы Қағиданың 6 тармағы 8-9) тармақшасында көрсетілген санат үшін 3 (үш) АЕК мөлшерінде – «Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұсынған тізім негізінде;»;
7 тармақтың 4-1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
4-1) осы Қағидалардың 6-тармағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 3-3), 4-1), 4-2), 4-3), 6-6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін сауықтыруға 2 (екі) АЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде;»;
7 тармақтың 4-2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4-2) осы Қағидалардың 6-тармағы 22-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 3-1), 3-2), 3-3), 4-1), 4-2), 4-3), 6-6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй – коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды төлеуге 3,6 (үш бүтін оннан алты) АЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оны алған ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
ТАӘ |