Екібастұз өңірінде «Қарызсыз қоғам» - «AMANAT» партиясының жобасы аясында жеке қаржыны басқару бойынша оқыту жалғасуда.
Осы аптада, желтоқсанның 9-ы мен 13-і аралығында Орталық қалалық кітапханада халыққа арналған қаржылық сауаттылық бойынша семинар өтуде. Оқыту өңір тұрғындарының қаржылық хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, қазіргі экономикалық жағдайда жеке қаржыны сауатты басқару негізгі дағдыға айналуы тиіс.
Бағдарлама тәлімгерлері қатысушылармен бюджетті қалай дұрыс жоспарлау, несиелеу мен депозиттердің пайдасын бағалау және пайыздық мөлшерлемелердің кірістерге әсерін түсіндіру туралы білімдерімен бөліседі.
Қаржылық қауіпсіздік тақырыбына ерекше назар аударылады. Семинарға қатысушылар алаяқтық схемаларды тануды және өз қаражаттарын алдаудан қорғауды үйренеді. Сондай-ақ, тыңдаушыларға жеңілдетілген несиелеу мүмкіндіктері мен гранттық бағдарламалар: тиімді шарттармен несиені қалай және қайдан алуға болады, қандай талаптарды орындау қажет және банк өнімдерін қалай тиімді пайдалану керектігі туралы айтылады.
«Қарызсыз қоғам» жобасы 2024 жылдың ақпан айында басталды. Осы уақыт ішінде 850-ден астам адам оқудан өтті. Сабақтар нақты мәселелерге назар аудара отырып, қала тұрғындары үшін де, ауыл тұрғындары үшін де өткізіледі.
Сонымен қатар, жоба заңды қолдау көрсетеді. Мамандар қаражатты заңсыз ұстаған жағдайда шоттарды бұғаттау, проблемалық қарыздарға және азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.
Барлық сұрақтар бойынша Екібастұз қ., Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-індегі 502 - кабинетке жүгіне аласыздар немесе 8 (7187)740177 телефоны бойынша хабарласуға болады.