«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін өтініштер беру және мемлекеттік қызмет көрсету туралы нәтижені:
Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Екібастұз қаласының аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ отбасының жиынтық табысына 5 (бес) пайыз мөлшерінде рұқсат етілген шығыстар шегінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға беріледі.
Тұрғын үй көмегі өткен тоқсандағы жалпы кірістер мен коммуналдық қызметтерге шығындар бойынша ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегі екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің шотына төленеді. Тұрғын үй көмегін ресімдеу үшін белгіленген үлгідегі өтінішпен (Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 92/2 –үй) мекенжайында орналасқан ХҚКО немесе порталға жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:
Қосымша ақпаратты Энергетиктер көшесі 62 құрылым мекенжайында орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-дегі 421,422-кабинеттерден немесе 278892, 278921 телефондары арқылы алуға болады.