Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері - кедейлік шегі мен отбасының әрбір мүшесінің жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырма. Атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады.

Павлодар облысы бойынша 2023 жылғы 1-тоқсанға арналған кедейлік шегі 31 188 теңгені құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылуы (тұрақты, уақытша жұмыс орындарына, әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасуы) міндетті шарт болып табылады. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларынан бас тартқан жағдайда, бас тартқан күннен бастап 6 ай ішінде бүкіл отбасы үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

         2023 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға азық-түлік топтамасы және тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі бұрын ұсынылған кепілдендірілген әлеуметтік топаманың орнына 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлемақы төленетін болады.

           2022 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеу «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ ай сайын тағайындаудан кейінгі айдың 10-ы күні іске асырады (қаңтар айына – 10 ақпанда, ақпан айына – 10 наурызда және т.б.) және 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлемақы төленетін болады.

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесімен 788 отбасы (онда 3201 адам) жүгінді, бас тартылғаны - 143 отбасы, 613 отбасына (2458 адам, соның ішінде 1579 бала) тағайындалды, 32  өтініш қаралу үстінде. 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі төлем 482 отбасына (онда 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы 742 бала) тағайындалды. Қаңтар айына атаулы әлеуметтік көмек және 1,5 айлық есептік көрсеткішті төлеу 2023 жылғы 10 ақпанға қарай іске асырылатын болады.

Осы көмекті тағайындау үшін Энергетиктер көшесі, 62 «Open Ekibastuz» фронт – кеңсесі мекенжайындағы Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне аласыздар немесе ЭЦҚ  бар болса  www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы дербес өтініш беруге болады. Ұсынылған ақпаратты нақтылау үшін Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері өтініш берушіге хабарласады. Толық ақпаратты 74-00-58, 27-88-92, 87754186883 телефондары арқылы алуға болады.

Дата публикации
08 февраля 2023
Дата обновления
08 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
11 декабря 2024
Екібастұз өңірінде «Қарызсыз қоғам» - «AMANAT» партиясының жобасы аясында жеке қаржыны басқару бойынша оқыту жалғасуда.
Баспасөз релиздері
11 июня 2024
Баспасөз релизі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы