2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджет

2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

 

Құрметті сайтқа кірушілер!

 

         Сіздердің назарларыңызға «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылған. 

 

         Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:

          - бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

          - бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;

          - мекеменің бюджетін жоспарлау.

 

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы

 

         Мекеменің бюджеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 қаулысымен бекітілген, жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.

         «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті: Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес қалыптастырылды;

          Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;

         Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі;

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

          Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» №343-II Заңы;

          Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу» № 66 Заңы;

          Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» №322-VІ ҚРЗ Заңы

          Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 12 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» № 36 Заңы;

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» №2314 қаулысы;                                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы;

          Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы № 227 бұйрығы;

          Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты» №263 бұйрығына сәйкес қалыптастырылды.

                «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  2024-2026 жылдарға арналған бюджетті  3063,8 млн. теңге көлемінде Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 15 тамыздағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы (VIII шақырылған кезекті XII сессия)" 2024-2026 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы" №102/12 шешімін іске асыру туралы» №1091/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №671/8 қаулысымен бекітілген, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 1115,9 млн. теңге.

 

Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы

 

 

 

Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру

 

Үш жыл мерзімге арналған мекеменің бюджетін мәслихатпен бекіту

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ шығыстарын жоспарлау

 

 

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ 2024-2026 жылдарға арналған шығыстары халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруды іске асыруға бағытталған.

 

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары

млн теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Шығындар

2553,1

3063,8

1828,0

1861,9

Әлеуметтік қамсыздандыру

493,9

578,4

208,2

208,2

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны – 5408 адам; Түпкілікті нәтижелері: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің төленуін 100% қамтамасыз ету

493,9

578,4

208,2

208,2

Әлеуметтік көмек

1216,1

1433,5

1330,4

1361,4

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету. Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Мемлекеттік ұйымдар мамандарына әлеуметтік көмекті төлеу- 495 адам; Түпкілікті нәтиже: Ауылдық елді мекендер мемлекеттік мекемелер мамандарын 100% әлеуметтік көмекпен қамту;

17,2

18,3

19,2

19,9

Тұрғын үйге көмек көрсету. Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Тұрғын үй көмегін алушылар саны – 847 отбасы; Түпкілікті нәтиже: - тұрғын үй көмегінің уақытында тоқсан сайын көрсетілуін 100% қамтамасыз ету;

10,2

17,7

17,7

17,7

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек. Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек төлемі– 12768 адам; Түпкілікті нәтиже:  мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек төлемдерін 100% уақытында төленуді қамтамасыз ету

454,8

523,1

485,0

499,5

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедіктігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету. Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Мүгедектігі бар балаларды үйден оқыту және тәрбиелеу - 75 адам; Түпкілікті нәтиже: -үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды 100% материалдық қамтамасыз ету;

5,7

8,9

9,3

9,6

Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Әлеуметтік бейімдеуден өткен тұлғалардың саны -120 адам;

Түпкілікті нәтиже: - медициналық қызметтерді, психолог қызметтерін ұсыну, құжаттандыру, жұмысқа орналастыруға, интернат үйлеріне орналастыруға жәрдемдесу жолымен әлеуметтік бейімдеуден өту үшін 100% жағдай жасау;

91,8

132,3

106,9

108,2

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Мүгедектер мен қарт азаматтарға, балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсету - 470 адам; Түпкі нәтиже: мүгедектер мен қарт азаматтарға, балалар мен 18 жастан асқан адамдарға қажетті әлеуметтік қызметтерді 100% ұсыну;

266,2

274,1

276,4

278,8

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектiгі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектiгі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл

 маманының қызметтері мен қамтамасыз ету. Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Қызметтерді алған мүгедектердің саны – 1964 адам; Түпкілікті нәтиже: Мүгедектiгі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру: - қозғалуда қиындық көретін мүгедектерге жеке көмекші – 100%; - есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманы - жылына отыз сағат - 100%;

- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 100%;                            

318,0

455,5

415,9

427,7

Жұмыспен қамту  орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Қызметкерледің саны - 2;

Түпкілікті нәтиже: Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамту орталығының аппаратын ұстау 100%

52,2

3,6

0

0

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер

843,1

1051,9

289,4

292,3

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер. Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Мемлекеттік қызмет көрсету саны - 19 қызмет; Кәсіптік деңгейін арттыру – 10 адам.

Түпкілікті нәтиже: еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты 100% іске асыру;

126,2

114,5

118,4

120,7

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу. Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу – 100%; Түпкілікті нәтиже: әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерді 100% ұйымдастыру;

4,2

6,8

7,4

7,5

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген мүгедектердің саны– 742 адам. Ымдау тілі маманының қызметін алған мүгедектердің саны – 43 адам; Сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, протездік-ортопедиялық, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілгендердін саны 1019 дана, санаторий-курорттық емделумен   етілгендердін саны 650 адам. Әлеуметтік аударымдар төленетін жеке көмекшілердің саны 270 адам. Түпкілікті нәтиже: Мүгедектерді оңалту бойынша өтінген  мүгедектерді 100% әлеуметтік қызмет көрсетумен қамту.

481,7

610,6

0

0

Үкіметтік емес үйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Қызмет алатын тұлғалардың саны – 1337 адам; Түпкілікті нәтижелері: өтінген  мүгедектерді 100% қамту.

231,0

279,0

149,2

149,7

Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Тұрғын үй сертификатын алушылардын саны– 32 адам; Түпкілікті нәтиже: Азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша  уақытылы төлемдерді  100% қамтамасыз ету.

0

41,0

14,4

14,4

 

Дата публикации
23 августа 2024