|
|
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы «11» маусымдағы № 496/6 қаулысымен бекітілген
|
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) әлеуметтік қорғау саласында қызметін іске асырушы ведомствоға бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелер жұмысын үйлестіру.
1) құқықтары:
1-1) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрату және алу;
1-2) мемлекеттік мекеменің функциясымен байланысты істер бойынша талап ету арыздарын ұсыну және сотта дербес және өкіл арқылы талапкер, жауапкер немесе куәгер ретінде шығу;
1-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
2-1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2-2) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;
2-3) заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
2-4) өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жауапты болу;
2-5) мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және оларға қатысты шешім қабылдау;
2-6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
2) әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
3) өз құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
4) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, ұлттық жобалар, даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
5) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық - атқарушылық жүйе мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге көмек көрсету саласында өзге өкілеттіктерді орындау;
8) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдарды ерікті қоныс аудару үшін елді мекендерді анықтау бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізу;
9) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия жұмысын ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бірлескен жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымдарының, атқарушы билік органдары өкілдерінен құрылған кеңес беру комиссиясының және жұмыс тобының жұмысына қатысу;
11) уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекетке қабілетсіз (іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі) азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының функцияларын іске асыру;
12) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға демеушілік және қайырымдылық көмекті үйлестіру;
13) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекеменің теңгеріміндегі тұрғын үйді басқару;
14) статистикалық, салықтық және бюджеттік есептілікті жасау, ведомствоға бағынысты мекемелердің бухгалтерлік балансын шоғырландыру оларды бағыныстылығы бойынша ұсыну, заңнамада белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу;
15) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының
мәртебесі және өкілеттіктері
1) өз орынбасарының, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру бойынша дербес жауап береді;
4) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауап береді;
7) мемлекеттік мекеменің секторлары, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
8) сенімхатсыз мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сонымен қатар сотта мемлекеттік мекеменің атынан шығады.
9) мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, әлеуметтік қорғау саласында азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады және оларға қатысты шешімдер қабылдайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді іске асырады;
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың тізбесі
1) Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.