б) бас маман;
в) құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманнан тұрады.
Сектордың негізгі мақсаттары болып табылады:
2) Бөлім қызметіне қатысты атқарушы органдар басшыларымен және қала әкімдігі мүшелерімен келісімге ұсыну үшін нормативті-құқықтық акт жобаларын дайындау (әкімдік қаулысының жобалары, әкім шешімдері, мәслихат шешімдері);
3) Қамқорлық және қорғаншылық белгілеу бойынша қаулы жобаларын дайындау, Қорғаншылық кеңесі отырысын өткізуге материалдар дайындау.
4) Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өтуімен байланысты мемлекеттік органдар шешімін ресімдеу, Бөлімнің техникалық жұмыскерлерінің жеке істерін жүргізу, еңбек кітапшаларына қажетті жазбаларды енгізу;
5) Екібастұз қаласы кірістер басқармасына әкімшілік мемлекеттік қызметшілерімен және олардың жолдастарымен жыл сайынғы декларация тапсыруды ұйымдастыру.
6) Қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне лауазымдық бос жұмыс орындарының тізімін беру үшін дайындау, лауазымдық бос жұмыс орындарын толтыру бойынша сұранымдар, бағынысты мемлекеттік органдардың бос жұмыс орны бойынша ай сайын ақпарат беру, кадрлық мәселелер және ПБҚ сұранысына қажетті ақпарат бойынша ай сайыңғы есеп;
7) Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау (қайта біліктеу) және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, жетекшілік жөніндегі жұмыс;
8) Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді, техникалық жұмыскерлерді, бағынысты мекемелердің директорларын жұмысқа қабылдау, шығару, сонымен қатар демалыстар, іс-сапарлар беру және Бөлімнің негізгі қызметі бойынша бұйрықтар дайындау;
9) Бөлім жұмыскерлерінің еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссия отырысын өткізу;
10) Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері бойыша «Е-қызмет» базасын жүргізу;
11) Бөлімге келіп түскен, оның ішінде жоғары тұрған органдардан келіп түскен барлық бақылау құжаттарына бақылау жасау және ұйымдастыру, жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларын, Бөлім басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын уақытында орындаумен, әкімдік регламентіне сәйкес, әкімдік отырысына, қала әкімінің қатысумен кеңестерге материалдарды уақытында ұсыну;
12) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша статистикалық есепті құру және тапсыру (ай сайын, тоқсан сайын, жылдық);
13) Секторлармен бірлесіп Бөлімнің істер номенклатурасын құрастыру және дайындау (құрастыру, жинақтау, қажет болған жағдайда қалалық және облыстық мұрағат басқармасымен келісу, басшымен бекіту);
14) Бөлімнің жұмыскерлерін мемлекеттік және кәсіптік мерекелерге марапаттау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;
15) Smart situ, Бөлімнің веб-сайты, instagram, ватсап әлеуметтік желілерінде жұмыс.
Негізгі мақсаттарды іске асыру және сектор қызметін жүзеге асыру үшін сектордың белгіленген тәртіпте құқығы бар:
- Жоғары тұрған және жергілікті атқарушы ұйымдар мен басқа ұйымдардан белгіленген тәртіпте сектордың жұмысы үшін қажетті анықтама, нормативті және басқа құжаттарды сұратуға және алуға;
- өз құзыры шегінде ішкі ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
- лауазымдық нұсқаулықта көзделген, міндеттемелермен байланысты сектор жұмысын жетілдіруге ұсыныс енгізу;
-Сектор мамандарын марапаттау бойынша ұсыныстар енгізу;
-қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау үшін кәсіптік деңгейін және біліктілігін көтеру.
- заңнамаға сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асыру.
Ұйымдастыру-бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету секторы өзінің негізгі мақсаттары мен қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мемлекетік қызмет туралы акті, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне басқа да нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі заңнамасына сәйкес өкілдік ете алады.
Ұйымдастыру-бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету секторын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлім басшымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын сектор меңгерушісі басқарады.
Ұйымдастыру-бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету секторының меңгерушісі сектор қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асырады және секторға жүктелген мақсаттарды орындауға және олардың өздерінің жұмысын жүзеге асыруға персоналды жауапкершілікті атқарады.
Сектор меңгерушісі Бөлім басшысына сектордың құрылымы және штаттық кестесі жөнінде ұсыныс жасайды.
Сектор меңгерушісі Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес Бөлім басшысымен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Ұйымдастыру-бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету секторы сектор құзырына енетін мемлекеттік органының атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге мәселелер бойынша жолданған құжаттар Бөлім басшысымен, жоқ болған жағдайда басшының орынбасарымен қол қойылады.