«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтардың жекелеген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторының ережесі

 1. Жалпы ережелер

  1. Азаматтардың жекелеген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторы (бұдан әрі – сектор) «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзгеде нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Сектордың құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысымен бекітіледі.
  4. Сектор мыналардан тұрады:

1)Сектор меңгерушісі;

2)Бас маман-3 бірлік.

 

  1. Азаматтардың жекелеген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторының негізгі мақсаты, қызметі, құқықтары мен міндеттері

 

5.Сектордың мақсаты:

Халықты әлеуметтік қорғау салсында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

Бекітілген стандарттарға сәйкес сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудіқамтамасыз ету;

Азаматтардың мұқтаж жекеленген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелерін шешу;

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азматтардың мұқтаж жекеленген санаттарына әлеуметтік көмектің уақытында және дұрыс тағайындалуын қамтамасыз ету;

Ауылдық елді мекендерде тұратын және істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмектің уақытында және дұрыс тағайындалуын қамтамасыз ету.

 

Сектордың қызметі:

Азаматтардың мұқтаж жекеленген санаттарына әлеуметтік көмекмәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және дайындау;

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың мұқтаж жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету;

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына оқсан сайынғы және ай сайынғы есептілікті құрастыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де қызметтерді іске асыру.

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Жүктелген қызметтерді орындау үшін ішкі ұйымдармен және Бөлімнің секторларымен байланыс жасау;

Белгіленген тәртіпте жоғары тұрған ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, басқа да мекемелерден сектордың жұмысына қажетті анықтамалық, нормативтік және өзге де құжаттарды сұрауға және алуға;

Осы лауазымдық нұсқаулықпен қарастырылған міндеттермен байланысты сектордың жұмысын қалыптастыру бойынша ұсыныс енгізуге;

Жәрдемақы тағайындау үшін әлеуметтік көмекке үміткерлерден заңнамаға сәйкес талап етілетін құжаттарды сұрау;

Семинарларда, курстарда және оқытудың басқа да түрлерінде сектор қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

Заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарын және міндеттерін іске асыруға.

 

 

  1. Азаматтардың жекелеген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторнының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, сектордың негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыруға қажетті өкілеттігі бар.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Секторды Бөлім басшысымен лауазымына тағайындалатын және қызметінен босатылатын сектор меңгерушісі басқарады.
  3. Сектор меңгерушісі сектор қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді және секторға жүктелген міндерттерді орындауға және өз қызметінің іске асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
  4. Сектор меңгерушісі Бөлім басшысына сектордың құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.
  5. Бұл мақсатта сектор меңгерушісі:

Сектор қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.

  1. Сектордың құзырына кіретін мәселелер жөнінде басқа да құрылымдық бөлімшелерге сектордың атынан жіберілетін құжаттарға сектор меңгерушісі қол қояды, ал болмаған жағдайда – оның орнын басатын тұлға қол қояды.
Дата публикации
07 августа 2020