1.1. Әлеуметтік көмек секторы (бұдан әрі – сектор) «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Сектордың құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысымен бекітіледі.
1.4. Сектор мыналардан тұрады:
1) Сектор меңгерушісі;
2) Бас маман – 4 бірлік.
қызметі, құқықтары мен міндеттері
2.1. Сектордың мақсаты:
халықты әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
бекітілген стандарттарға сәйкес сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін уақытында және дұрыс тағайындауды қамтамасыз ету;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссияға уақытында материалдар дайындау және қарастыруды қамтамасыз ету;
атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беруді уақытында және сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
әлеуметтік қорғау саласында әлеуметттік –экономикалық даму және Екібастұз қаласы аумағының даму бағдарламасы бойынша мақсатты индикаторлар көрсеткішін орындауды қамтамасыз ету;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтікң көмек», «Тұрғын үй көмегін көрсету» бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатын игеруді қамтамасыз ету;
Сектордың қызметі:
әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді регламенттейтін нормативтік-құқықтық акт жобаларын әзірлеу;
әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға көзделген қаражат қажеттілігін анықтау;
аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін көрсету;
әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет алушылардан қабылданған құжаттарды пысықтауды уақытында және сапалы жүргізу мен «Әлеуметтік көмек», «Е-әкімдік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасына енгізу;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, өмірлік қиын жағдайға тап болғанына байланысты әлеуметтік көмекке жүгінген тұлғалардың (отбасының) материалдық жағдайына тексеріс жүргізу бойынша учаскелік комиссия отырысын ұйымдастыру және өткізу;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссия отырысын жүргізу және істер макетін қарау, дайындау бойынша ұйымдастыру;
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тоқсан сайынғы және ай сайынғы есептілікті құрастыру;
азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштеріне жауап қарастыру және дайындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де қызметтерді іске асыру.
2.2. Құқықтары мен міндеттері:
өз құзыры шегінде ішкі ұйымдармен және ішкі секторлармен байланыс жасау;
белгіленген тәртіпте жоғары тұрған ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, басқа да мекемелерден сектордың жұмысына қажетті анықтамалық, нормативтік және өзге де құжаттарды сұрауға және алуға;
әлеуметтік көмек үміткерлерінен әлеуметтік көмек тағайындау үшін заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды сұрауға;
сектор қызметкерлерінің біліктілігін семинарларда, курстарда және басқа оқуларды тұрақты арттыру;
заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарын және міндеттерін іске асыруға.
қызметін ұйымдастыру
3.1. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, сектордың негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыруға қажетті уәкілеттігі бар.
3.2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес лауазымына тағайындалатын және қызметінен босатылатын сектор меңгерушісі басқарады.
3.3. Сектор меңгерушісі сектор қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді және секторға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметінің іске асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
3.4. Сектор меңгерушісі Бөлім басшысына сектордың құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.
3.5. Бұл мақсатта сектор меңгерушісі:
сектор қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.
3.6. Сектордың құзырына кіретін мәселелер жөнінде басқа да құрылымдық бөлімшелерге сектордың атынан жіберілетін құжаттарға сектор меңгерушісі қол қояды, ал болмаған жағдайда – оның орнын басатын тұлға қол қояды.