«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі секторының ережесі

  1. Жалпы ережелер
  1. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі секторы (бұдан әрі – сектор) «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзгеде нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі сектордың құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысымен бекітіледі.
  4. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі сектор мыналардан тұрады:

1)Сектор меңгерушісі;

2)Бас маман-3 бірлік.

 

  1. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі секторының негізгі мақсаты, қызметі, құқықтары мен міндеттері

5.Сектордың негізгі мақсаттары және жұмысы болып табылады:

Халықты әлеуметтік қорғау салсында біржолғы мемлекеттік саясатты іске асыру;

Бекітілген стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну;

Жеке оңалту бағдарламаларының ұсыныстарына сәйкес мүгедектердің қажеттілігін анықтау;

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу дүргізу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;

Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін бегілеуге арналған арнайы комиссияның қарауына материалдар дацындау;

Үйде оқытылатын мүгедек балалар отбасыларына әлеуметтік көмекпен уақытында қамтамасыз ету және дұрыс тағайындау;

Мүгедектерді компенсаторлы (техникалық) қосалқы және оңалтудың арнайы құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жеке оңалту бағдарламаларын іске асыру;

Мүгедектермен және ардагерлермен әлеуметтік көмек мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық акт жобаларын әздірлеу және дайындау;

Мүгедектер мен қартайған адамдарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу;

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тоқсан сайынғы және ай сайынғы есептілікті құрастыру;

Сектордың бюджеттік бағдарламалары бойынша қаражатты игерудің ай сайынңы жоспарлану мен мониторингісі;

Жеке тұлғалардың өтініштерін «Е-СОБЕС»,  «Е-Әкімдік» автоматтадырылған деректер базасына енгізу;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жазбаша және ауызша өтініштеріне жауап дайындау;

Сектор құзырына қатысты доғары тұрған ұйымдардың, мекемелердің сұранысы бойынша кеңестерге ақпарат, БАҚ материалдар дайындау;

«Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ есебінде тұрған жалғыз басты мүгедектерге облыстық бюджет қаражатынан ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек төлеуге ведомостьті қалыптастыру және Павлодар облысының халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасы ұсыну;

Қазақстан Респуликасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де қызметтерді іске асыру. 

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Белгіленген тәртіпте жоғары тұрған ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, басқа да мекемелерден сектордың жұмысына қажетті анықтамалық, нормативтік және өзге де құжаттарды сұрауға және алуға;

Өз құзыры шегінде Бөлімнің секторларымен және ішкі ұйымдармен байланыс жасау;

Осы лауазымдық нұсқаулықпен қарастырылған міндеттермен байланысты сектордың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге;

Кәсіптік деңгейін және семинарларда, курстарда және басқа да түрлі оқытуларда сектор мамандарының біліктілігін тұрақты арттыру;

Заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарын және міндеттерін іске асыруға.

 

 

  1. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі секторнының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі сектор мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, сектордың негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыруға қажетті уәкілеттігі бар.
  2. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі секторды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Секторды Бөлім басшысымен лауазымына тағайындалатын және қызметінен босатылатын сектор меңгерушісі басқарады.
  3. Сектор меңгерушісі сектор қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді және секторға жүктелген міндерттерді орындауға және өз қызметінің іске асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
  4. Сектор меңгерушісі Бөлім басшысына сектордың құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.
  5. Бұл мақсатта сектор меңгерушісі:

Сектор қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.

  1. Сектордың құзырына кіретін мәселелер жөнінде басқа да құрылымдық бөлімшелерге сектордың атынан жіберілетін құжаттарға сектор меңгерушісі қол қояды, ал болмаған жағдайда – оның орнын басатын тұлға қол қояды.
Дата публикации
07 августа 2020