«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторының ережесі

  1.  Жалпы ережелер
  1. Жұмыспен қамту секторы (бұдан әрі – сектор) «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзгеде нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Сектордың құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысымен бекітіледі.
  4. Сектор мыналардан тұрады:

1)Сектор меңгерушісі;

2)Бас маман-3 бірлік.

 

  1. Жұмыспен қамту секторының негізгі мақсаты, қызметі, құқықтары мен міндеттері

 

5.Сектордың мақсаты:

Қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

Бекітілген стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді қамтамасыз ету.

Сектордың қызметі:

Қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөніндегі іс- шараларды іске асыру мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

Белгіленген іс-шараларды іске асыруды талдау, мониторингілеу;

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасына тоқсан сайынғы және ай сайынғы есептілікті құрастыру;

Халықты жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өңірдегі еңбек нарығы жағдайы туралы жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті органды жұмыс күші бөлігіне қажеттілікті және ұсыныстарды болжайды;

Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақты дамыту бағдарламасы, сондай-ақжеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырушы жобаларда қажетті мамандықтар кенішінде құрылатын жұмыс орындарының болжамы және әлеуметтік – еңбек саласында ағымдағы бос жұмыс орындары туралы бірыңғай ақпарат жүйесінде деректер базасын қалыптастыруға қатысу;

Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінен білім беру, білім беруді ұйымдастыру, білім беру қызметіне құқығы бар ұйымның жаңындағы оқу орталықтары, түлектерді жұмысқа орналастыру туралы мәлімет, кәсіптік оқытуды жүзеге асырушы оқыту жүргізіліп жатқан кәсіптер (мамандықтар) туралы ақпарат, нақты кәсіптер (мамандықтар) бйынша даярланған мамандардың саны;

Жергілікті атқарушы органдарға жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін тұлғаларды ерікті қоныс аударуға елді мекендерді анықтау бойынша ұсыныстар енгізу;

Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;

Жұмыс берушілерден кадрларға болжамалды қажеттілік туралы ақпаратты сұрайды;

Ұйымдарды босатылу қаупі және жұмыс орындарының қысқартылуы мониторингін жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге қызметтерді іске асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Өз құзыры шегінде ішкі ұйымдармен байланыс жасау;

Белгіленген тәртіпті жоғары тұрған ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, басқа да мекемедерден сектордың жұмысына қажетті анықтамалық, нормативтік және өзге де құжаттарды сұрауға және алуға;

Осы лауазымдық нұсқаулықпен қарастырылған міндеттермен байланысты сектордың жұмысын қалыптастыру бойынша ұсыныс енгізуге;

Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін кәсіптік деңгейін және біліктілігін арттыру;

Заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарын және міндеттерін іске асыруға.

 

 

  1. Жұмыспен қамту секторнының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, сектордың негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыруға қажетті уәкілеттігі бар.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Секторды Бөлім басшысымен лауазымына тағайындалатын және қызметінен босатылатын сектор меңгерушісі басқарады.
  3. Сектор меңгерушісі сектор қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді және секторға жүктелген міндерттерді орындауға және өз қызметінің іске асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
  4. Сектор меңгерушісі Бөлім басшысына сектордың құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.
  5. Бұл мақсатта сектор меңгерушісі:

Сектор қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.

  1. Сектордың құзырына кіретін мәселелер жөнінде басқа да құрылымдық бөлімшелерге сектордың атынан жіберілетін құжаттарға сектор меңгерушісі қол қояды, ал болмаған жағдайда – оның орнын басатын тұлға қол қояды.
Дата публикации
07 августа 2020