БОС ОРЫНДАР 24.08.2023

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдық орынға ашық конкурс жариялайды:

Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ (бұдан әрі - Орталық) басшысы. Лауазымдық қызмет ақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 226 964 теңге 00 тиыннан 275 188 теңге 00 тиынға дейін.

Орталықтың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 141206, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Космонатов көшесі 10, тел: 8 (7187) 27-86-82.

Қызметтік міндеттері:

Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығының қызметін басқаруды жүзеге асырады;

         әлеуметтік бейімдеуге мұқтаж адамдарды есепке алу жұмысын ұйымдастырады;

         халыққа және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға бейімдеу мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады;

         қызмет көрсетілетін контингенттің құжаттарын қалпына келтіру, жұмысқа орналастыру және уақытша және тұрғылықты жер іздеу шараларын қабылдайды және жәрдемдеседі;

         Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

         халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша Орталықтың жұмыс режимін белгілейді;

         Орталықты білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың біліктілігін арттыру, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды;

         жұмыскерлермен еңбек шартын жасайды және бұзады;

         еңбек кестесін және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

         жұмыскерлерді еңбекке ынталандыруды, олардың бастамалары мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

         гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және Орталық қызмет көрсететін адамдар арасында бөлуді қамтамасыз етеді;

         Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуын және шаруашылық шарттарының жасалуын және орындалуын бақылайды;

         Орталықтың мүдделерін мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қорғайды және білдіреді;

         банкте Орталықтың ағымдағы шотын ашады;

         қажетті есеп беруді және статистикалық мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді;

         өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

         Біліктілігіне қойылатын талаптар:      

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтілі әлеуметтік қорғау саласында кемінде 3 жыл немесе ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымдарында кемінде                         5 жыл.

Білуі тиіс:

         Қазақстан Республикасының Конституциясын;

         Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін;

         Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін;

         Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін;

         Еңбек кодексін;

         Әлеуметтік кодексін;

         Тіл туралы заңын;

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңын;

          Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын;

         әлеуметтік жұмыс, психология, социология, профпатология, кәсіптік бағдарлау негіздерін;

         түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктерін, Орталықтың бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін;

         кәсіптік оқыту және қайта оқыту, еңбек терапиясы мен жұмыспен қамту терапиясының әдіснамасын;

         әлеуметтік бейімдеу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибені;

         қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды;

         ұйым персоналын басқару теориясы мен практикасын;

         экономика, есепке алу және қаржылық талдау негіздерін;

         Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.

Құжаттарды қабылдауды аяқтаған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігі және әңгімелесуге өткізу туралы шешім қабылданады.

Кандидаттар тізімі бекітілгеннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылар: әңгімелесуге жіберу немесе әңгімелесуден бас тартуы туралы, күні, уақыты және әңгімелесу өтетін орны туралы хабарланатын болады.

     Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке куәлігін растайтын құжат көшірмесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұрып жатқан мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

    4) ұсынылған лауазымдық біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы

құжаттарының көшірмесі;

  • еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі;

     6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;

       7) 3х4 көлеміндегі 1 фотосурет;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер және атақтар алуы, ғылыми басылымдар туралы құжаттардың көшірмесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсынымдар және т.б.) қатысты қосымша мәліметтер бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды баспасөз ақпараттық құралдары басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде бөлімнің ресми сайтына шыққаннан кейін: 141208, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 құрылым (конкурстық комиссия «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ) мекенжайы бойынша ұсыну қажет.

       Анықтама телефоны: (87187) 27-89-42, электронды пошта: otd.zan.ae@pavlodar.gov.kz.

 

 

 

Дата публикации
24 августа 2023