Халықты жұмыспен қамту саласында заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өткізу туралы ақпарат

Халықты жұмыспен қамту саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру жұмысын өткізу мақсатында, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Павлодар облысы Екібастұз қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қала кәсіпорындары мен ұйымдарының 42 өкілінің қатысуымен 4 дөңгелек үстел өткізілді.

Жұмыс берушілердің назарына ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптары, атап айтқанда жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуын регламенттейтін 28-бабының нормалары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412, 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрықтарымен бекітілген ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары және мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары жеткізіледі.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзуы үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Дата публикации
20 июля 2020