ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік), ескірген сурдо-тифлотехникалық құралдарды қазіргі көп функцианалды электронды гаджеттерге ауыстыруды қоса, Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін («Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1036 қаулысы) өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілді.
Осы өзгерістер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
Сонымен қатар, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін ғана мүгедектерді оңалтудың жаңа техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мүмкін, себебі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар тек қана ОЖБ сәйкес мүгедектерді құралдармен және оңалтудың қызметтерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы, сонымен қатар мерзімсіз ОЖБ болған жағдайда, тұрғылықты мекенжайы бойынша МӘС бөліміне мүгедек өтініш білдіргенде осы іс-шараларды жүзеге асыру мерзімін ескере отырып Тізбемен өзгерістер қарастырылған іс-шараларға МӘС бөлімінің мамандарымен ОЖБ қажетті түзетулер енгізіледі.
|
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі |
|
|
Қолданыстағы редакция |
2017ж.01.01. бастап редакциясы |
|
Протездік-ортопедиялық көмек |
Протездік-ортопедиялық көмек |
|
қол протездері (иық протездері,білек, қол-саусақ протездері) |
қол протездері (иық протездері,білек, қол-саусақ протездері) |
|
жіліншік протез і |
жіліншік протез |
|
жамбас протезі |
жамбас протезі |
|
кеуде безі протезі |
кеуде безі протезі |
|
Аппараттар |
аппараттар |
|
Туторлар |
туторлар |
|
ортездер |
ортездер |
|
балдақтар |
балдақтар |
|
таяқ |
таяқ |
|
жетек арбалар |
жетек арбалар |
|
корсеттер |
корсеттер |
|
реклинаторлар |
реклинаторлар |
|
бас ұстағыштар |
бас ұстағыштар |
|
бандаждар |
бандаждар |
|
емдік белдіктер |
емдік белдіктер |
|
балалардың профилактикалық шалбарлары |
балалардың профилактикалық шалбарлары |
|
ортопедиялық аяқ киім |
ортопедиялық аяқ киім |
|
қосымша тетіктер(кебiстер, супинаторлар) |
қосымша тетіктер(кебiстер, супинаторлар) |
|
аппараттарға аяқ киімдер |
аппараттарға аяқ киімдер |
|
Сурдотехникалық құралдар |
Сурдотехникалық құралдар |
|
есту аппараты |
есту аппараты |
|
бейнекомпьютер |
веб-камерасы бар ноутбук |
|
көп функционалды дабылды жүйе |
көп функционалды дабылды жүйе |
|
телефакс |
|
|
мәтіндік хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефон |
мәтіндік хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефон |
|
саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар |
саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар |
|
Тифлотехникалық құралдар |
Тифлотехникалық құралдар |
|
таяқ |
тифлотаяқ |
|
тифломагнитола |
|
|
оқу машинасы |
оқу машинасы |
|
компьютерлік тифлокешен |
сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук |
|
Брайль жүйесі бойынша жазу құралы |
Брайль жүйесі бойынша жазу құралы |
|
Брайль жүйесі бойынша жазу грифелі |
Брайль жүйесі бойынша жазу грифелі |
|
рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз |
рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз |
|
диктофон |
дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар |
|
дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер |
дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер |
|
нашар көретін адамдарға арналған сағаттар |
нашар көретін адамдарға арналған сағаттар |
|
Арнайы жүріп-тұру құралдары |
Арнайы жүріп-тұру құралдары |
|
бөлмелік кресло-арба |
бөлмелік кресло-арба |
|
серуен кресло-арба |
серуен кресло-арба |
|
Міндетті гигиеналық құралдар |
Міндетті гигиеналық құралдар |
|
несеп қабылдағыштар |
несеп қабылдағыштар |
|
нәжіс қабылдағыштар |
нәжіс қабылдағыштар |
|
жөргектер |
жөргектер |