Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті жұрт алдында талқылау қорытындылары

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ 2016 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жұрт алдында талқылау хаттамасы

Екібастұз қаласы                                        №1                        2017 жылғы 29 наурыз

         Төрағалық еткен: бөлім басшысы Нурлан Жумабекович Байбакиров.

         Қатысқандар: қызмет алушылар, «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалының, қаланың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, БАҚ қызметкерлері, «Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Тұрақты мекені жоқ тұлғаларға арналған Екібастұз қалалық әлеуметтік бейімделу орталығы» КММ басшылары.
Барлығы - 31 адам.

КҮН ТӘРТІБІ:

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ 2016 жылғы есебі
Баяндайтын: У.Т. Айтбаева 2016 жылы бөлім көрсеткен мемлекеттік қызметтер жөнінде жинақталған есеп – «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ басшысының м.а.
Баяндайтын: Г.М. Тлеукулова - «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ әлеуметтік көмек секторының бас маманы: 2016 жылы әлеуметтік көмек секторы көрсеткен 5 мемлекеттік қызмет бойынша есеп:

  1. «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;
  2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
  3. «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;

- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
- «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру».
Баяндайтын: Т.В. Дорбазанова – мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі секторы: мүгедектермен және ардагерлермен  жұмыс жөніндегі секторыкөрсеткен 8 мемлекеттік қызмет бойынша есеп:
- «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу»;
- «Мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»;
- «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
- «Мүгедектерді сурдо, тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар ресімдеу»;
- «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруге және есту бойынша мүгедекетерге қолмен көрсететін тіл маманын беруге құжаттарды ресімдеу»;
- «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
- «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу».
Баяндайтын: А.Б. Жетибаева - азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс  жөніндегі секторы: «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша есеп.
2. Есепті талқылау.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қарастыру қорытындысы бойынша келесідей сұрақтар қойылды:
Оксана Владимировна Давыдовскаяның сұрағы.
Полигон аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар сақталмаса не істеу керек?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiнің» 7-тармағына сәйкес, егер тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса, онда азамат өзiнiң ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы өтiнiшпен тұрғылықты жерi бойынша сотқа жүгiне алады.
Динара Бейсеновна Оспанованың сұрағы(ТК, МБЖ)
Егер тұрғын үй көмегі мақсатсыз пайдаланылса?
Жауап: Тұрғын үй көмегінің төлемі тоқтатылады, төлем тағайындалған тұрғын үй көмегінің тең немесе асатын сомасына коммуналдық қызметтерді төлеу туралы мәліметтерді ұсынғаннан кейін ғана қалпына келтіріледі.
Өтініш иесімен заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан толық емес жалған мәлімет ұсынылған кезде тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады.
Тұрғын үй көмегінің заңсыз төленген сомасын өндіртіп алу заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

 

Сара Шариповна Прокофьеваның сұрағы:
Санаторлы-курорттық жолдаманы алу үшін өтініш берген кезде құжаттар тізбесіне сәйкес санаторлы-курорттық картаны ұсыну қажет. Бұл картаны алу үшін қайтадан дәрігерлерден өтіп, талдауларды тапсыру қажет, бұл өте ыңғайсыз. Құжаттарды тапсыру рәсімдерін жеңілдетуге, санаторлы-курорттық картаны алып тастауға болмай ма?
Жауап: Бұл мәселе осы мемлекеттік қызметті алатын көп мүгедектерді толғандырады. Осы мәселені шешу үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсырылатын құжаттар тізбесінен санаторлы-курорттық картаны алып тастау жөніндегі мәселені қарастыру үшін хат жолдадық, себебі негізгі құжат жеке оңалту бағдарламасы болып табылады, оның негізінде сіз өтініш бересіз.
Тамила Сергеевна Фукалованың сұрағы:
Азаматтарға әлеуметтік көмектің қандай мөлшерлері төленеді?
Жауап: Әлеуметтік көмектің мөлшерлері азаматтардың санатына байланысты және Екібастұз қаласы мәслихатының«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешімімен белгіленген, мысалы әлеуметтік маңызы бар аурумен ауратын науқасқа (онкологиялық аурумен ауратын науқастар) әлеуметтік көмек 7 АЕК мөлшерінде төленеді.
БАҚ өкілінің сұрағы
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігі үшін әлеуметтік объектілердің бейімделуі мәселелерін шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?
Жауап:Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған республикалық іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі шеңберінде, қалада әлеуметтік инфрақұрылымның 105 объектісінен тізбесі белгіленді, оның ішінде: 73-і білім беру объектісі, 10-ы денсаулық сақтау, 5-і мәдениет, 6-ы спорт, 1-і әлеуметтік қорғау, 5-і мемлекеттік басқару, 5-басқалар.
2012 жылы паспорттау өткізіліп, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының ақау актілері жасалды.
Екінші кезеңінің шеңберінде паспорттау нәтижесі бойынша бейімдеу іс-шаралары  2013 жылы 4 объектіде, 2014 жылы 22 объектіде, 2015 жылы 18 объектіде, 2016 жылы 2 объектіде өткізілді. Барлық нысандар жартылай бейімделген.
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы «Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы» №1200/10 қаулысымен мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі комиссия құрылды (бұдан әрі – Комиссия) және Комиссия туралы ереже бекітілді.
Комиссияның жұмысшы органы «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала салу бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Комиссия төрағасы Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
Бөлім ғимаратын бейімдеуге қатысты, ағымдағы жылы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ ғимаратын қайта жөндеу жоспарланған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі бейімдеу іс-шаралары жоспарланған. Осы іс-шараларға қала бюджетінен 13,0 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. Қазіргі кезде «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ 2017 жылғы 10 ақпанда қайта жөндеу жөніндегі жұмысты өткізуге конкурс жариялады.
Жұрт алдында талқылау қорытындысы бойынша, Бөлімге:
1. Тұрақты негізде бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес Екібастұз қаласының азаматтарына мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуға кеңес берілді.

 

                  


Төраға

 

Хатшы

Н.Ж. Байбакиров

 

А.Б. Жетибаева

Дата публикации
29 марта 2017