«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ 2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмысы туралы есепті қоғамдық талқылау

2019 жылғы 29 наурызда «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмысы туралы есепті үкіметтік емес ұйымдар «ӨМІР» шығармашылық оңалту орталығы» ҚБ, «КӨМЕК ЕКІБАСТҰЗ» ҚҚ, «Жарық» (Свет) Екібастұз оқу-өндірістік зағиптар қоғамы орталығы» ҚҚ және қызмет алушылардың қатысуымен қоғамдық талқылау өткізілді.
Қоғамдық талқылау 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес жүргізілді.
Бөлім басшысының орынбасары У.Т. Айтбаеваның ақпараты бойынша мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бекітілген стандарттар және регламенттер бойынша тегін негізде 18 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бөліммен 2018 жылда барлығы 17718 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер алтернативті негізде яғни, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электронды үкімет» порталы құралымен электронды түрде және бөлімге жүгінген кезде көрсетіледі.
769 мемлекеттік қызмет, қағаз түрінде көрсетілді;
22 мемлекеттік қызмет «электронды–үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілді;
4034 мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді;
12893 мемлекеттік қызмет Бөлімнің ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілді.
Бөліммен мемлекеттік қызметтің келесі түрлері көрсетіледі:
- мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
- мүгедектерді сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
- қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
- мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
- мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
- медициналық әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;
- үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
- үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау;
- жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
- ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек тағайындау;
- тұрғын үй көмегін тағайындау.
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
- атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
- жұмыссыз азаматтарды тiркеу;
- жұмыссыз ретінде жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу;
- жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;
- адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру;
- оңалтылған адамдарға куәлік беру.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып қызмет алушыға толық құжаттар жиынтығын қабылдағаннан кейін хабарлама беру болып табылады.
Қабылданған құжаттар негізінде қызмет көрсетілетін кезде халықты әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз ету үшін қажеттілік қалыптасады.
Бөлімнің жұмысы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жолымен мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік төлемдер және оңалту құралдарымен қамтамасыз етеді, халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартады, оның ішінде азаматтарды тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.
Бөлімнің және жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында халықты ақпараттандыру үшін актуалды ақпараттар (стандарттар, регламенттер, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер инфографикасы) орналастырылды, оларды жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді арттыру бойынша Жиынтық іс-шаралар жоспарының шеңберінде, Бөліммен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат жариялау бойынша Медиа-жоспар әзірленді.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз, тегін көрсетіледі. Өткен 2018 жылы қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

Дата публикации
29 марта 2019