Екібастұз қаласы №1 2020 жылғы 26 ақпан
Төрағалық еткен: бөлім басшысы Динара Мухамечановна Баграмова.
Қатысқандар: қызмет алушылар, үкіметтік емес ұйымдар төрғалары: «ӨМІР» шығармашылық оңалту орталығы» ҚБ, «КӨМЕК ЕКІБАСТҰЗ» ҚҚ, «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры, басшы орынбасары және «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселлер бөлімі» ММ сектор меңгерушілері.
Барлығы - 28 адам.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселлер бөлімі» ММ 2019 жылға есебі.
Баяндайды: бөлім басшысының орынбасары У.Т. Айтбаева - «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселлер бөлімі» ММ 2019 жылда мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмысы туралы есеп.
Қоғамдық талқылау
Қоғамдық талқылау Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23 – бабы, 6-тармағына сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, бекітілген стандарттар мен регламент бойынша тегін негізде 17 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Бөліммен 2019 жылы барлығы 22450 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер альтернативті негізде, яғни бөлімге жүгінген кезде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҮЕАҚ (ХҚКО) арқылы және «электронды үкімет» порталы құралымен электронды түрде көрсетіледі.
181 мемлекеттік қызмет, қағаз түрінде көрсетілді;
2393 мемлекеттік қызмет, Мемлкорпорация арқылы көрсетілді;
19876 мемлекеттік қызмет, Бөлімнің ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілді.
Бөліммен мемлекеттік қызметтің келесі түрлері көрсетіледі:
- мүгедектерге протезді-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттар ресімдеу;
- мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигеналық құралдармен қамтамасыз ету;
- жүріп тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекшінің және есту қабілеті бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін ұсынуға құжаттар ресімдеу;
- мүгедектерге орындық-арба беру;
- мүгедектерді санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз ету;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
- үйде күту жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
- мүгедек балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу;
- жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау;
- ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
- тұрғын үй көмегін тағайындау;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру;
- өтініш берушіні (отбасыны) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілі екендігін растайтын анықтама беру;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
- жұмыссыз ретінде жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу;
- жұмысссыз азаматтарға анықтама беру;
- жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу үшін тұлғаларға жолдама беру;
- оңалтылған тұлғаға куәлік беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі толық пакет құжаттарын қабылдағаннан кейін қызмет алушыларға хабарлама беру болып табылады.
Қабылданған құжаттар негізінде қызмет ұсынған кезде халықты әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз ету қажеттілігі қалыптасады.
Бөлім жұмысының мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету жолымен халыққа әлеуметтік төлемдер жүргізіледі және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту оның ішінде, азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру болып табылады.
Бөлімнің және жұмыспен қамту орталығының ресми сайттарында халықты ақпараттандыру үшін өзекті ақпарат (стандарттар, регламенттер, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер инфографикасы) орналасқан, оларды жаңарту бойынша жұмыс жиі жүргізіледі.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралардың Жиынтық жоспары шеңберінде Бөліммен бұқаралық ақпарт құүралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жариялау бойынша Медиа-жоспар әзірленді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін, тәртіп кезегінде, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетумен көрсетіледі. 2019 жылдың өткен мерзіміне қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер сапасына шағым түскен жоқ.
2. Есепті талқылау.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қарастыру қорытындысы бойынша келесі сұрақтар түсті:
Сұрақ: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК тағайындауда қандай өзгерістер болды?
Жауап: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК тоқсан сайын ағымдағы тоқсанға өткен тоқсанның табысы есептеліп тағайындалады. Барлық отбасы мүшелері үшін балаларды қоса алғанда, АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен өңірдегі кедейлік шегі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Сұрақ: санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж мүгедектерді алып жүруге әлеуметтік көмек көрсчетіле ме?
жауап: Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы №220/26 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж мүгедектерге 40 АЕК мөлшерінде алып жүруге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген.
Сұрақ: Маған жуырда 1 топ мүгедектілін берді, маған қандай көмек болады?
Ответ: Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы №220/26 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімімен, санаторлық-курорттық емделуден өту кезінде алып жүруге мұқтаж 1 топ мүгедектеріне 40 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай 6097,3 теңге мөлшерінде көмек көрсетілетін болады.
Қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша Бөлімге ұсынылды:
1. Бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес Екібастұз қаласының азаматтарына мемлекеттік қызметті тұрақты негізде сапалы ұсыну.
|
Төрағасы: Хаттаманы жүргізген: |
Д.М. Баграмова Б.Н. Касимов |