2023 жылдың 1-тоқсанына арналған мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы аналитикалық анықтама

2023 жылғы 1-тоқсанда «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ және ведомстволық бағынысты ұйымдарда барлығы 7242 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) – 3781, электронды түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 3001.

2023 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тартулар болды: «Тұрғын үй көмегін тағайындау»- 101, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 230, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» - 3, «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» - 36.

Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация арқылы 460 қызмет көрсетілді, бас тарту – 137.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бекітілген стандарттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Халықты ақпараттандыру үшін бөлімнің және жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында, Инстаграм парақшада өзекті ақпараттар (стандарттар, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің инфографикасы) орналастырылған, оларды жаңарту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындылары бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар Бөлім бойынша жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2023 жылдың ақпан айында ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Ақпарат тәртібінде жіберіледі.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ басшысы                Д. Баграмова

Дата публикации
31 марта 2023