Хабарландыру!
Құрметті әртүрлі меншік нысандарының басшылары!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі Enbek.kz. сайтында еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесінде E-hr- электрондық еңбек шарттарын енгізу қажеттігілі туралы назарларыңызға ұсынады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші:
«…еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1),2),3),4),5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесіне енгізуге міндетті».
Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ