ХАБАРЛАНДЫРУ
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» конкурсын өткізу туралы
Құрметті Екібастұз қаласының кәсіпкерлері!
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» № 523 Жарлығына сәйкес 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс басталғанын хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік (ірі, орта және шағын кәсіпкерлік) субъектілері қатыса алады.
Келесі номинациялар бойынша өтінімдер қабылданады:
Ескерту: акциялар, жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді, бұл материалдардың құрамына:
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада береді, бұл материалдардың құрамына:
1) Қағида қосымшасына сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметіне және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді:
- заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
- ұйымдық құрылым;
- өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысан бойынша толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Барлық сұрақтар бойынша Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, мекенжайы бойынша орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ 418-кабинетке, тел.: 278951, е-mail: otd.zan.ae@pavlodar.gov.kz, хабарласуға болады.
Конкурсқа қатысуға келісім берген жағдайда материалдарды қағаз және электрондық тасығыштарда 2023 жылғы 20 маусымға дейін Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, 214-кабинет, телефон: 32-40-41, osp.dsz@pavlodar.gov.kz эл.мекенжайы бойынша ұсынуды сұраймыз.