2022 жылдың 2-тоқсанында «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ және ведомствоға бағынысты ұйымдарда барлығы 5195 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2022 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуде себепті бас тартулар болды: «Тұрғын үй көмегін тағайындау» - 34, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» - 191, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және куәлік беру» -3.
Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация арқылы 764 қызмет көрсетілді, бас тартылғаны-34.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бекітілген стандарттарға сәйкес іске асырылады.
Бөлімнің және жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында халықты ақпараттандыру үшін өзекті ақпараттар орналастырылған (стандарттар, халықты әлеуметтік қолдау саласында мемлекеттік қызметтер инфографикасы), оларды жаңарту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіледі.
Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар бөлімде жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Ақпарат тәртібінде жолданады.
|
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ басшысы |
Д. Баграмова |