2022 жылдың 1-тоқсанында «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ және ведомствоға бағынышты ұйымдарда барлығы 5438 мемлекеттік қызмет, соның ішінде «Электронды үкімет және (немесе) Мемлекеттік корпорациясы» веб-порталы арқылы көрсетіле алатын қағаз түрінде – 14, қызмет алушының ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде– 3158 қызмет көрсетілді.
2022 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту болды: «Тұрғын үй көмегін тағайындау» - 48, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» - 235, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және куәлік беру» -8.
Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация арқылы 369 қызмет, «электрондық үкімет» порталы арқылы – 2 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бекітілген стандарттарға сәйкес іске асырылады.
Бөлімнің және жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында халықты ақпараттандыру үшін өзекті ақпараттар орналастырылған (стандарттар, халықты әлеуметтік қолдау саласында мемлекеттік қызметтер инфографикасы), оларды жаңарту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіледі.
2021 жылғы 3 наурызда «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) 2021 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында жұмысы туралы есепті қоғамдық талқылау өткізілді. Есеп Бөлімнің ресми сайтында жарияланған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөнінде материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау туралы жоспар – кестеге сәйкес, наурыз айына «Отарқа», «Голос» қалалық газеттерге жарияланған көшірмелерін жолдаймыз.
Ақпарат тәртібінде жолданады.
|
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ басшысы |
Д. Баграмова |