Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздердің назарларыңызға «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылған.
Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:
- бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;
- бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;
- мекеменің бюджетін жоспарлау.
Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы
Мекеменің бюджеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 қаулысымен бекітілген, жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті:
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті 1288,5 млн. теңге көлемінде Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы (VI шақырылған кезекті LI сессия)" 2020-2022 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы" №406/51 шешімімен бекітілген, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 605,9 млн. теңге.
Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы
|
Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның қарауына тапсыру |
|
Үш жыл мерзімге арналған мекеменің бюджетін мәслихатпен бекіту |
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ шығыстарын жоспарлау
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ 2020-2022 жылдарға арналған шығыстары халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруды іске асыруға бағытталған.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары
млн теңге
|
Атауы |
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
2020 жыл |
|
Шығындар |
2098,5 |
1882,9 |
895,0 |
906,1 |
|
Әлеуметтік қамсыздандыру |
936,0 |
656,8 |
176,1 |
183,2 |
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны – 4342 адам; Түпкілікті нәтижелері: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің төленуін 100% қамтамасыз ету |
936,0 |
656,8 |
176,1 |
183,2 |
|
Әлеуметтік көмек |
990,2 |
995,2 |
636,2 |
639,6 |
|
Жұмыспен қамту бағдарламасы Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер саны – 313 адам; Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілгендер саны – 220 адам; Жастар тәжірибесіне жіберілгендер саны – 148 адам; Субсидия алған қоныс аударушылар мен оралмандар саны – 235 адам; Кәсіптік оқытуға жіберілгендер саны – 45 адам; Мүгедектер үшін мамандырылған жұмыс орындарының саны – 3 жұмыс орны; Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алушылар саны – 169 адам; Тұрғын үйді жалдау (жалға беру) және коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге субсидия алғандар саны – 311 адам. Түпкілікті нәтиже: Жұмыссыздық деңгейі 2020 ж – 4,9%, 2021 ж - 4,8%, 2022 ж – 4,8% |
537,0 |
396,7 |
158,7 |
159,5 |
|
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Мемлекеттік ұйымдар мамандарына әлеуметтік көмекті төлеу- 477 адам; Түпкілікті нәтиже: Ауылдық елді мекендер мемлекеттік мекемелер мамандарын 100% әлеуметтік көмекпен қамту; |
5,7 |
6,6 |
6,1 |
6,3 |
|
Тұрғын үйге көмек көрсету Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Тұрғын үй көмегін алушылар саны – 847 отбасы; Түпкілікті нәтиже: - тұрғын үй көмегінің уақытында тоқсан сайын көрсетілуін 100% қамтамасыз ету; |
16,9 |
9,3 |
26,7 |
26,7 |
|
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек төлемі– 11209 адам; Түпкілікті нәтиже: мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек төлемдерін 100% уақытында төленуді қамтамасыз ету |
160,7 |
218,2 |
146,3 |
145,9 |
|
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Мүгедек балаларды үйден оқыту және тәрбиелеу - 80 адам; Түпкілікті нәтиже: -үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды 100% материалдық қамтамасыз ету; |
4,9 |
4,5 |
5,2 |
5,4 |
|
Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Әлеуметтік бейімдеуден өткен тұлғалардың саны -120 адам; Түпкілікті нәтиже: - медициналық қызметтерді, психолог қызметтерін ұсыну, құжаттандыру, жұмысқа орналастыруға, интернат үйлеріне орналастыруға жәрдемдесу жолымен әлеуметтік бейімдеуден өту үшін 100% жағдай жасау; |
50,9 |
82,2 |
55,2 |
56,6 |
|
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Мүгедектерге және қарттарға, балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік қызмет ұсыну – 404 адам; Түпкілікті нәтиже: - мүгедектерге және қарт азаматтарға, балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға тиісті әлеуметтік қызметтерді 100% ұсыну; |
89,5 |
115,2 |
98,0 |
98,4 |
|
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметттерін ұсыну Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Қызметтерді алған мүгедектердің саны – 631 адам; Түпкілікті нәтиже: Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру: - қозғалуда қиындық көретін мүгедектерге жеке көмекші - 100%; - есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманы - жылына отыз сағат - 100%; - мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету - 100%; |
75,0 |
113,5 |
90,1 |
90,1 |
|
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Мемлекеттік қызмет көрсету саны - 2; Түпкілікті нәтиже: 100% мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жұмыспен қамту орталығы аппаратын қаржыландыру |
49,6 |
49,0 |
49,9 |
50,7 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер |
172,3 |
230,9 |
82,7 |
83,3 |
|
Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Мемлекеттік қызмет көрсету саны - 17 қызмет; Кәсіптік деңгейін арттыру - 18 адам Түпкілікті нәтиже: еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты 100% іске асыру; |
61,5 |
96,2 |
64,6 |
65,1 |
|
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу – 100%; Түпкілікті нәтиже: әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерді 100% ұйымдастыру; |
15,4 |
6,4 |
4,7 |
4,8 |
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Компьютер сатып алу – 18 дана Түпкілікті нәтиже: Мекеменің материалдық-техникалық базаны нығайтуға жолданған шараларды 100% жүзеге асыру |
0 |
4,0 |
0 |
0 |
|
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген мүгедектердің саны– 471 адам. Ымдау тілі маманының қызметін алған мүгедектердің саны – 41 адам; Көмекші құралдардың кенейтілген тізбесін алатын мүгедектер саны - 398 адам; Түпкілікті нәтиже: Мүгедектерді оңалту бойынша өтінген мүгедектерді 100% әлеуметтік қызмет көрсетумен қамту |
23,0 |
41,8 |
0 |
0 |
|
Үкіметтік емес үйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетілетін тұлғалардың саны – 90 адам; Түпкілікті нәтижелері: өтінген мүгедектерді 100% қамту. |
67,5 |
80,5 |
13,4 |
13,4 |
|
Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Тұрғын үй сертификатын алушылардын саны– 2 адам; Түпкілікті нәтиже: Азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша уақытылы төлемдерді 100% қамтамасыз ету. |
4,9 |
2,0 |
0 |
0 |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы
млн. теңге
|
№ р/с |
Атауы |
саны |
Сомасы |
|
1 |
Әлеуметтік жұмыс орындары |
220 |
35,5 |
|
2 |
Жастар тәжірибесі |
148 |
46,4 |
|
3 |
Оралмандар мен қоныс аударушылардың көшуіне арналған субсидия |
235 |
22,1 |
|
4 |
Мүгедектер үшін мамандандырылған жұмыс орындарын субсидиялау(көру қабілеті бұзылған) |
3 |
2,3 |
|
5 |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар |
169 |
93,5 |
|
6 |
Тұрғын үйді жалдау (жалға беру) және коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге субсидия |
311 |
92,1 |
|
7 |
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту |
45 |
9,8 |
|
8 |
Қоғамдық жұмыстар |
313 |
95,0 |