Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауы
2026 жылғы 10 ақпанда Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Б. Төребековтің төрағалығымен, Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Д.Қ. Каукеновтің және Екібастұз қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі С.С. Төлеубаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарын түсіндіру мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараға Екібастұз қаласы әкімдігі жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Екібастұз қалалық мәслихаты аппаратының қызметкерлері қатысты.
Негізгі назар келесі мәселелерге аударылды:
- мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу;
- қызметтік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау;
- азаматтармен және әріптестермен өзара іс-қимыл барысында сыпайы әрі әдепті мінез-құлық таныту;
- мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын қатаң сақтау және қызметтік тәртіпті сақтау бойынша бақылауды күшейту ұсынылды.
Хабарландырудың толық мәтінімен:
Е қызмет ашық порталында https://www.eqyzmet.gov.kz/ сілтемесі арқылы;
Екібастұз қаласы әкімдігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz?lang=ru сілтемесі арқылы;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru сілтемесі арқылы танысуға болады.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің анықтама үшін телефоны: 8(7187)34-08-56.
Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептің жария талқылауын өткізетінін хабарлайды.
📄 Жария талқылауға арналған ақпарат жарияланым каруселінде орналастырылды.
💬 Сұрақтар мен ұсыныстарыңызды
— жарияланымның астында комментарий ретінде
— немесе economica_karjy инстаграмм парақшасына жеке хабарлама арқылы жолдай аласыздар.
Барлық мүдделі азаматтарды талқылауға қатысуға шақырамыз.
Е қызмет ашық порталында https://www.eqyzmet.gov.kz/ сілтемесі арқылы;
Екібастұз қаласы әкімдігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz?lang=ru сілтемесі арқылы;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru сілтемесі арқылы танысуға болады.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің анықтама үшін телефоны: 8(7187)34-08-56.
2026 жылғы 16 қаңтарда Павлодар облысының №2 Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында әкімшілік соттардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына және олардың жекелеген ережелеріне дау айтуға, азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыстылығын анықтауға, сондай-ақ мемлекеттік тілде әкімшілік талап қою тәртібіне қатысты негізгі жаңалықтар қаралды. Дөңгелек үстел жұмысына әкімшілік соттың төрағалары мен судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Екібастұз қаласының адвокаттары мен заңгерлері қатысты.
Қала прокуратурасының бастамасымен «Құқықтық аптека» кезекті акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара қала әкімі, прокурор, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Maxi Mall» СОО-да өтті.
Азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, өзекті мәселелер бойынша түсініктеме берілді.
Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!
2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 51-үй (2-қабат) мекенжайында орналасқан Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ғимаратында Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкені өткізу мақсаты – мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру.
Кеңес беру көмегін халықты жұмыспен қамту, тұрғын үй қатынастары, жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, дене шынықтыру және спорт, ауыл шаруашылығы салаларының, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының Екібастұз қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандары көрсетеді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталды
20 қыркүйектен бастап ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі басталды. Интервьюерлер барлық елді мекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды. Облыс бойынша жалпы саны шамамен 40 мың үй шаруашылығын қамту жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – аграрлық саланың жағдайы туралы толық мәлімет алу, әсіресе ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде. Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады. Онда мал мен құстың болуы, жер ресурстарын пайдалану, бақша егу, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтер сұралады.
Интервьюерлер үйлерді аралап, деректерді планшет арқылы жинайды. Баршаңызды шараға белсенді қатысуға және өзекті ақпарат беруге шақырамыз.
Үй-үйді аралау жұмысына 73 интервьюер жұмылдырылады. Олар айрықша көк түсті формада – жилет пен бейсболкада болады, бейджде жеке басын растауға арналған QR-код орналасады. Егер үй иелері үйінде болмаса, интервьюер байланыс нөмірі көрсетілген хабарландыру қалдырады.
Ұлттық статистика бюросы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпия сақталуына кепілдік береді. Барлық жауап заңмен қорғалады, ал деректер тек жалпыланған түрде қолданылады. Сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның байланыс орталығына 1446 нөмірі арқылы хабарласуға болады (жұмыс уақыты 9.00–21.00, қоңырау шалу – тегін).
1 тамызда басталған Ауыл шаруашылығы санағы, 20 қазанға дейін жалғасады. Жиналған деректер салаға қатысты мәліметтерді жаңартуға және ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шешімдер қабылдауға негіз болады.