Меню

Страницы

Статья

Экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру

Міндеттері:

1) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін айқындау;

2) мемлекеттің макроэкономикалық саясатының стратегиясына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын қалыптастыру бойынша бірыңғай және тұтас тәсілін қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыру мақсатында  қаржыны басқару; 

5) қаланың салықтық-бюджеттік саясатын қалыптастыру;

6) нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың, үшжылдық бюджеттік бағдарламалаудың жүйесін жетілдіру;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  міндеттерді жүзеге асыру.

Функциялары:

1) тиісті аумақтарда экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;

2) әлеуметтік-экономикалық дамудың облыстық және қалалық стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу;

3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарына  мониторинг жүргізу;

4) орта мерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерді әзірлеу;

5) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен мониторингісін жүргізу;

6) салықтық- бюджеттік саясатты белгілеу, қала бюджетінің түсімдерін болжау және шығындарын жоспарлау;  

7) бюджеттік өтінімдерді қарастыру;

8) қаланың үшжылдық бюджетінің жобасын әзірлеу және бюджетті түзету, нақтылау ;

9) ауылдық округтер, поселкелер, ауылдардың  дербес бюджетін енгізу бойынша жұмысты  үйлестіру;

10) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа және орта мерзімді келешекке кірістер және шығыстар бойынша ұсыныстарды шығару;

11) Іс-шаралар жоспары шеңберінде экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыру және ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізу;

12) мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық  қызметті реттеу;

мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын әзірлеу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

13) мемлекеттік–жекешелік серіктестік шеңберінде жобаларды іске асыруды талдау және мониторинг жүргізу;

14) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын әзірлеу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

15) қалалық бюджеттік  комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру;

16) Екібастұз қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін  келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына әлеуметтiк қолдауды ұсыну бойынша шараларды жүзеге асыру және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

17) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу;

18) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Дата публикации
01 июля 2020
Дата обновления
01 июля 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
09 февраля 2022
Экономическое и бюджетное планирование
Ақпарат
24 июля 2020
Экономикалық және бюджеттік жоспарлау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы