2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы аналитикалық анықтама

2026 жылдың 1-тоқсаны ішінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ тарапынан 61 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бас тарту жағдайлары – 0.

  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі – 54 қызмет көрсетілді, бас тарту – 0.
  2. «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келгендерге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметі – 7.

Азаматтарды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттандыруды арттыру, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталын кеңінен насихаттау мақсатында «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

2026 жылғы 16 қаңтарда «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында қала прокуратурасының бастамасымен азаматтарға кез келген құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсету мақсатында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді, оған «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ өкілдері қатысты.

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта «2025 жылға арналған Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есеп» тақырыбында жария талқылау өткізді.

2026 жылғы 5 наурызда Екібастұз қаласының мемлекеттік органдары Естай атындағы музыка мектебінде «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін» өткізді, онда барлық азаматтар өз сұрақтарын қойып, заңгерлік кеңестер ала алды.

2026 жылғы 30 наурызда Екібастұз қаласының Солнечный кенті әкімінің аппараты ММ-де мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті, оған «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік қызметтер саласында халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында брошюралар тарату жұмыстары жүргізілуде. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары туралы – 110 брошюра, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша – 150 брошюра және электрондық қызметтерді насихаттау бойынша – 45 брошюра таратылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы аналитикалық анықтама
Дата публикации
31 марта 2026