Павлодар облысы
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ онлайн режимде инстаграм арқылы
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау
ХАТТАМАСЫ
Екібастұз қаласы 2026 жылғы 10 ақпан
Сағат 10:00
Өтетін орны: Энергетиктер көшесі, 62, instagram әлеуметтік желісі
Модератор: Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары – М.Е. Сатвалдинова
Хаттаманы жүргізген: Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің иесіз мүлікпен жұмыс және тұрғын үйді бөлу секторының бас маманы – Д.Б. Уалиханова.
Күн тәртібі:
Қала әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің www.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ economica_karjy Instagram парақшасында 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметтің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат жарияланды.
Қызмет алушыларға пікірлер мен жеке хабарламалар арқылы талқылауға қатысу ұсынылды.
Есепті кезең бойынша сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Шешім:
Жария талқылау қорытындысы бойынша шешім қабылданды:
- қатаң түрде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді жалғастыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізу.
Хаттаманы жүргізген Д. Уалиханова