«Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

«Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына және  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес әлеуметтік қолдаудың келесі шаралары ұсынылады.

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

          2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін екі мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3932 теңгені құрайды.

Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай талаптарда:

      теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі;

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Баспана Маркет жылжымайтын мүлік Порталы otbasybank.kz/programm-bank  арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Қағидаларының  2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

          жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

          2) тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік кредит алған кезде:

          әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Қағидаларының                                                  2-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

          жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

          неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          Кредиттік бюродан есеп;

          Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.

          Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса тіркеледі.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.

Әлеуметтік қолдау шаралары:

          бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау кезінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімін өткізу болмаған;

      өтініш беру кезінде сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша;

      өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалада) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400009946

Дата публикации
03 марта 2025