Тұрғын үйді жекешелендіру: заңнамадағы өзгерістер

2024 жылғы 22 қарашада ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты өзгерістер енгізілді. Енді жалға берілетін жаңа үйлерді жалға алушылар тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш бере алады.

Жекешелендірудің шарттары

  1. Отбасының келісімі

Тұрғын үйді жалға алушы кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімін алуы тиіс

  1. Қарыздың болмауы

Жалға алушылардың жалдау ақысы бойынша қарыздары болмауы тиіс

  1. Қалдық құны

Тұрғын үйді жекешелендіру қалдық құны бойынша жүзеге асырылады.

Өтеусіз жекешелендіруге кімнің құқығы бар?

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй:

  1. I және II топтағы мүгедектерге;
  2. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;
  3. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
  4. Әскери қызметін өткеру немесе ұрыс қимылдары кезінде мүгедек болған әскери қызметшілерге;
  5. Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
  6. еңбек сіңірген жылдары жиырма және одан да көп әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың және ІІМ қызметкерлеріне өтеусіз беріледі.

Өтініш берудегі құжаттар тізімі

Жекешелендіру ЭЦҚ пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет арқылы электрондық форматта ресімделеді. Өтініш беру үшін төмендегілерді әзірлеу қажет (алдын ала сканерлеу керек):

Жалдау шарты

Жалдау ақысы туралы түбіртек

Отбасының барлық мүшелеріне мүліктің жоқтығы туралы анықтама

Санатты растайтын құжат (тұрғын үйді өтеусіз алуға құқығы болған жағдайда)

Тұрғын үйді жекешелендіруге болмайтын жағдайлар

Егер ҚР азаматтары:

  1. ҚР аумағында меншік құқығында өзге тұрғын үйі бар болса (50%-дан кем үлесінің болуы есепке алынбайды);
  2. Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бар болса;
  3. Жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса, тұрғын үйді жекешелендіре алмайды.

Қалай өтініш беруге болады?

Өтініш беру туралы толық нұсқаулық Instagram-дағы ресми парақшада орналастырылған.

 

Дата публикации
13 февраля 2025