Төлеу Қалима – «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы, Теміржол ауылдық округінің Құдайкөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Бағдарлама аясында Қалимаға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған болатын - 2023 жылдың желтоқсанында көтерме жәрдемақы, ал 2024 жылдың желтоқсанында оған Құдайкөл ауылында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді.
2009 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылған «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ауылдық жерлерге білікті мамандарды тартуға бағытталған. Бұл жас мамандарға ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін нығайтып, өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасай отырып, өзіндік әлеуетін іске асыруға көмектеседі.