
Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі қызметінің бағыттарының бірі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу – бұл мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік құрылымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үдерісі.
Мемлекеттік сатып алудың негізгі мақсаты – бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру.
2024 жылдың 1 желтоқсанына қаланың мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша 377, оның ішінде:
аукцион тәсілімен – 2;
ашық конкурс тәсілімен – 175;
алдын ала біліктілік іріктеу тәсілімен – 152;
рейтингтік-балдық жүйе тәсілімен – 48 сатып алу рәсімін жүргізді.
Мемлекеттік сатып алуды реттеу және ашық рәсімдердің болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және үдерістің ашық әрі есепті өтуіне септігін тигізеді.