БЕКІТЕМІН
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің басшысының міндетін атқарушы
______________ А. Кояганов
«_____»__________ 2019 жылы
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің түсімдерді болжау секторының
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережесі
1. Түсімдерді болжау секторы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Сектордың толық атауы: Түсімдерді болжау секторы.
3. Сектор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдары, Үкімет, Президент актілерін, облыстық, қалалық маслихат және облыс, қала әкімдері нормативтік актілері, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сі бастығының бұйрықтарын, сонымен бірге осы Ережені басшылыққа алады.
2. Сектордың негізгі міндеттері және функциялары
4. Сектордың негізгі мақсаттары және міндеттері болып табылады:
1) болжам түсімдерін қаржы жылына және алдағы үш жылдық мерзімге құру;
2) бюджеттік сыныптаманың бөлімшесі бойынша, бюджеттер бойынша кірістерді дурыс есепке қосуын бақылау;
3) кадр жұмысын, заңды және жеке тұлғалар өтініштерін қарастыруын бақылау және есептері бойынша жұмысын жүргізу;
4) бақылау құжаттарын орындау бойынша мониторингісін жүргізу.
5. Сектор мақсат және берілген міндеттерге жету үшін келесі функцияларды іске асырады:
1) Қала бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру, әзірлеу, құру;
2) әрбір кіріс көздері бойынша қала бюджетінің кіріс бөлігінің орындауын талдау;
3) алдағы үш жылдық мерзімге және кезекті қаржыландыру жылына қала бюджетінің түсімдерді бойынша есептеулерді құру;
4) қаланың ірі салық төлеушілері бойынша мониторингіін жүргізу;
5) қала бюджетінің кіріс бөлігін болжау үшін мәлеметтерді жинақтау және талдау жасауды жүзеге асырады;
6) кадр жұмысын жүргізу;
7) заңды және жеке тұлғалар өтініштер бойынша тіркеу және есептеу жүргізу;
8) бақылау құжаттарын орындау бойынша мониторингін жүзеге асыру.
3. Сектордың құқығы
6. Жүклетген міндеттерге сәйкес, Сектор құқылы:
1) Қаланың мемлекеттік органдарының басқармасынан, аумағында орналасқан кәсіпорын, ұйымдар және мекемелерден қажетті ақпаратты, нормативтік және анықтама құжаттарды сұрау;
2) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының құзырына жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды сұрауға енгізу;
3) мемлекеттік басқару органдар, мұрағаттар, ғылыми мекемелер және кітапханаларының банк мәліметтерімен пайдалану;
4) Сектор қызметкерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін семинарларда, курстарда және басқа оқытуларда үнемі көтеру.
4. Қорытынды ереже
7. Сектор меңгерушісі, бас мамандар ММ-нің бастығымен конкурстық негізде немесе мемлекеттік қызмет жөнінде уәкілетті органмен келісім бойынша ауысы жолымен тағайындалады.
8. Сектор қызметкерлерінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің нормасымен және ішкі еңбек тәртібімен реттеледі.
9. Сектордың қызметкерлерін қолдау, жұмыстан шығару, жазалау «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бастығымен Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүргізіледі.
Сектор меңгерушісі А.Кенжесарина