2023 жылғы 2 тоқсандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің есебіне талдамалық анықтама

2023 жылғы 2 тоқсандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің есебіне

талдамалық анықтама

 

2023 жылдың 2 тоқсанында «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ 149 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 54-інен бас тартты.

  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі - 96 қанағаттандырылды, 53 бас тартты.
  2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі - 53 қанағаттандырылды, 1 бас тартты.
  3. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметі - 0.

Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ «электрондық үкімет» веб-порталын көпшілікке тарату мақсатында жүйелі негізде түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

2023 жылғы 04 мамырда «Өнер» ҚМО-да «Бос орындар және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтті, оған мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ өкілдері қатысты. 

Халықты мемлекеттік қызметтер саласында кеңінен ақпараттандыру мақсатында азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша брошюралар таратылады. Құқықтар мен шағымдар бойынша 150 брошюра және электрондық қызметтерді танымал ету бойынша 190 брошюра.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

 

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы

 

С. Қорабаева

 

 

 

 

 

 

талдамалық анықтама
Дата публикации
15 сентября 2023