2023 жылғы 1 тоқсандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің есебіне талдамалық анықтама

2023 жылғы 1 тоқсандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің есебіне

талдамалық анықтама

 

2023 жылдың 2 тоқсанында «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ 185 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 28-інен бас тартты.

  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі - 139 қанағаттандырылды, 28 бас тартылды.
  2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі - 44 қанағаттандырылды.
  3. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметі - 2 қанағаттандырылды.

Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ «электрондық үкімет» веб-порталын көпшілікке тарату мақсатында жүйелі негізде түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

«Тұрғын үй мәселелері және жастарға арналған қолжетімді бағдарламалар» тақырыбында диалог алаңы юолып өтті.

2023 жылғы 24 ақпанда көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында басшы орынбасарының қатысуымен Instagram әлеуметтік желісі арқылы жария талқылаумен тікелей эфир ұйымдастырылды.

Халықты мемлекеттік қызметтер саласында кеңінен ақпараттандыру мақсатында 10-17 наурыз аралығында брошюралар тарату бойынша акция ұйымдастырылды. Құқықтар мен шағымдар бойынша 150 брошюра және электрондық қызметтерді танымал ету бойынша 357 брошюра.

2023 жылғы 17 наурызда жергілікті атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерімен азаматтарды қабылдауы ұйымдастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

 

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы

 

С. Қорабаева

 

талдамалық анықтама
Дата публикации
15 сентября 2023