Павлодар облысы
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ онлайн режимде тікелей эфир арқылы
2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау
ХАТТАМАСЫ
Екібастұз қаласы 2023 жылғы 27 қаңтар
Сағ.16.00-де
Өтетін орны: Энергетиктер көшесі, 62, instagram әлеуметтік желісі
Модератор: Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары - А.М. Байдильдин
Хаттаманы жүргізген: Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің иесіз мүлікпен жұмыс және тұрғын үйді бөлу секторының меңгерушісі - А.К. Жангельдина.
Күн тәртібі:
Баяндамашы: Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары – Алибек Мухитович Байдильдин.
Тікелей эфирде СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
А.М. Байдильдин қатысушыларды экономика және қаржы бөлімінің 2022 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы таныстырды.
СҰРАҚТАР:
Барлық тыңдаушылар сұрақтарына жауап алды.
Жария талқылау қорытындысы бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің мамандарына:
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізу;
- он күн ішінде интернет-ресурстарда, БАҚ-та мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастыру ұсынылды.
Бөлім басшысы С.Қорабаева