Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Б. Қапуовтың "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі "мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және күреске бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараты назарға алынсын.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ. Б. Қапуов):
1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын алудың пәрменді шараларын қабылдау;
2) бөлінген бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларының сақталуына бақылауды күшейтсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі Н.Қ. Макраевқа жүктелсін.
Әкім
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк