2018 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат

"Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі "ММ"ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2018 жылы 14 маманға, оның ішінде 13 білім беру мамандарына және 1 мәдениет мамандарына қызмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес осы қызмет қағаз түрінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат" Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі " мемлекеттік мекемесінің стендінде және ресми интернет-ресурсында Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламентін орналастыру арқылы ұсынылады.

Сонымен қатар, 2018 жылы "Голос Экибастуза" газетінде "ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы мақала жарияланды.

Бөлім басшысының м. а. қ. Абдрахманова

Дата публикации
01 июля 2020