Көрсетілетін қызметті алушылардың құқығы бар

- Мемлекеттік қызмет туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;;

- Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметті алу;

- Орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;;

- Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға;;

- Осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысуға;;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей алады

Дата публикации
01 июля 2020