«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер
  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүргізу, Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік –экономикалық дамуы бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеу саласында, қала бюджетін жоспарлау және орындау, аудандық коммуналдық мүлікті және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының  заңнамасында   көзделген   басқа  да   актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесі, 62 ғимарат.
  10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза».

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

  1. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  2. Осы Ереже «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
  1. Миссиясы: Екібастұз қаласының экономикалық саясатын қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті орындау және коммуналдық меншікті басқару саласындағы саясатты іске асыру бойынша қызметтер.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша шараларды әзірлеу және экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы қызметті жүзеге асыру, қала бюджетін уақтылы және толық орындау, коммуналдық меншікті және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жүйесінің мониторингі.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Екібастұз қаласының экономикалық саясатын қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті орындау және коммуналдық меншікті басқару саласындағы саясатты іске асыру.
  4. Міндеттері:

1) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін айқындау;

2) мемлекеттің макроэкономикалық саясатының стратегиясына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын қалыптастыру бойынша бірыңғай және тұтас тәсілін қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыру мақсатында  қаржыны басқару; 

5) қаланың салықтық-бюджеттік саясатын қалыптастыру;

6) нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың, үшжылдық бюджеттік бағдарламалаудың жүйесін жетілдіру;

7) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы  бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

8) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) тиісті аумақтарда экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;

2) әлеуметтік-экономикалық дамудың облыстық және қалалық стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу;

3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарына  мониторинг жүргізу;

4) орта мерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерді әзірлеу;

5) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен мониторингісін жүргізу;

6) салықтық- бюджеттік саясатты белгілеу, қала бюджетінің түсімдерін болжау және шығындарын жоспарлау;  

7) бюджеттік өтінімдерді қарастыру;

8) қаланың үшжылдық бюджетінің жобасын әзірлеу және бюджетті түзету, нақтылау ;

9) ауылдық округтер, поселкелер, ауылдардың  дербес бюджетін үйлестіру;

10) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа және орта мерзімді келешекке кірістер және шығыстар бойынша ұсыныстарды шығару;

11) Іс-шаралар жоспары шеңберінде экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыру және ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізу;

12) мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық  қызметті реттеу;

13) мемлекеттік–жекешелік серіктестік шеңберінде жобаларды іске асыруды талдау және мониторинг жүргізу;

14) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын әзірлеу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

15) қалалық бюджеттік  комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру;

16) Екібастұз қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін  келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына және ауылдық округтер, кенттер, ауылдарға жұмыс үшін келген мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтiк қолдауды ұсыну бойынша шараларды жүзеге асыру және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

17) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Екібастұз қаласы бюджеті түсімдерінің және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады;

19) әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады;

20) бюджеттік қаражаттарды басқаруды жүзеге асырады;

21) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;

22) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;

23) Екібастұз қаласының бюджетін атқару бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді іске асырады;

24) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органмен белгіленген есептілікті жасайды;

25) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілерді әзірлейді;

26) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару бойынша функцияларды орындайды;

27) аудандық коммуналдық мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген, облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiмен жекешелендiру жүргiзiлуi мүмкiн аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiн алады;

28) Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзедi;

29) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың атына бекіту бойынша іс-шаралар өткізеді;

30) өз құзыреті шегінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына аудандық коммуналдық мүлікті табыстау туралы актілерді әзірлейді;

31) аудандық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiкпен басқаруға беру туралы шешiмдер әзірлейді;

32) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастырады;

 33) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

34) аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен меншiгiне өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;

35) жарғылық капиталға қатысу үлесі мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің арасында таза табысты уақытылы бөлуді бақылуды жүзеге асырады;

36) заңды және жеке тұлғалардың иесіз қалған, тастап кеткен (қалдырып кеткен) жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін анықтау, пәтерлерді иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қою бойынша жұмыстарды жүргізеді;

37) мемлекеттік органның міндеттерімен байланысты істер бойынша жеке және өкіл арқылы талап арыздарды (өзге де өтініштерді) ұсынады және соттарда шағымданады;

38) Екібастұз қаласының коммуналдық меншік құқығын тіркеу, тұрғын және тұрғын емес нысандарды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша қажетті рәсімдерді жүргізеді;

39) Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстарын ұйымдастыру;

40) заңнамаға сәйкес азаматтардың жекеленген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

41) мемлекеттік тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша берешекті сот тәртібінде өндіріп алу шараларын қолдану;

42) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруде мұқтаждар есебінің жеке тізімдерін жүргізу;

43) жергілікті атқарушы органның қарамағындағы тұрғын үйлерге өз еркімен қоныстанған тұлғаларды шығаруды ұйымдастыру;

44) қала әкімімен берілген сенімхат негізінде коммуналдық тұрғын үйді, оның ішінде қызметтік тұрғын үйді иеліктен шығару (жекешелендіру) жөнінде мәмілелер жасау;

          45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

46) құзыреті шегінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру;

47) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттар мен хабарландыруларды кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден (келісім бойынша) сұратуға және алуға;

2) «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциясымен байланысты істер бойынша талап ету арыздарын ұсыну және сотта дербес және өкіл арқылы талапкер, жауапкер немесе куәгер ретінде шығу; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу;

5) өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болу;

6) «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және оларға қатысты шешім қабылдау;

7) шешілуі облыстық деңгейде қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асырумен   байланысты  ұсыныстарды  Павлодар  облысының  экономика  және

бюджеттік жоспарлау басқармасына және қаржы басқармасына енгізу;

8) бюджеттің жобасын жасауға, оны әзірлеу мен қорытындылауға  қажетті салық салу базасы туралы ақпаратты жинауда қаланың өкілетті органдарымен жұмысты ұйымдастыру;

9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың бюджеттік мекемелерімен қаржылық тәртіптің сақталуы бойынша өз құзыреті шегінде  бақылауды жүзеге асыру;

10) белгіленген тәртіпте бюджеттік саясат, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алулар, аудандық коммуналдық мүлікті басқару мәселелері жөнінде жиналыстар, семинарлар өткізу;

11) семинарларда, курстарда және өзге де оқыту түрлерінде үнемі «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

қызметін ұйымдастыру

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Екібастұз қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары, сектор меңгерушілері болады.
  4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді тағайындайды және қызметтен  босатады;

3) «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру бойынша дербес жауапты болады; 

4) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерді мадақтайды, оларға материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік жаза қолданады;;

5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

6) «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;  

7) «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің секторлары - құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ сотта сенімхатсыз «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұсынады;

9) «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады;

10) «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен төлем өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдарымен бірлесіп тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін

 қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
09 февраля 2022