2023 жылғы 1 қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қорытындылары

2023 жылғы 1 қаңтардағы
әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі
қорытындылары


1. Экономиканың нақты секторы
1.1 Өнеркәсіп
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 040,3 млрд. теңгені, НКИ - 97,2%-ды (2021 жылы - 966,9 млрд. теңге, НКИ - 105,4%) құрады.
- тау-кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 625 979,7 млн. теңге, НКИ - 96,3% (2021 жылы - 583 604,1 млн. теңге, НКИ - 92,7%);
- өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 143 611,1 млн. теңге, НКИ-87,9% (2021 жылы - 137 469,4 млн. теңге, НКИ - 158,6%);
- электрмен жабдықтау өндірісінің көлемі, бу беру және ауа баптау - 266 458,5 млн. теңге, НКИ - 105,0% (2021 жылы - 241 920,7 млн. теңге, НКИ - 118,7%);
- сумен жабдықтау өндірісінің көлемі; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет - 4 210,96 млн.теңге, НКИ - 103,2% (2021 жылы - 3 855,7 млн. теңге, НКИ - 102,0%).

1.2. Ауыл шаруашылығы
2023 жылғы 1 қаңтарда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 23,6 млрд. теңгені құрады (оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 12,4 млрд.теңге, НКИ - 116,1%, мал шаруашылығы - 11,2 млрд. теңге, НКИ - 101,9%) НКИ - 109,3% (2021 жыл - 19,1 млрд. теңге, НКИ - 92,0%).

Жер қоры
Екібастұз қаласының аумағы 1 887,6 мың га құрайды, оның ішінде:
егістік - 22,4 мың га;
тыңайған жер - 45,8 мың га;
жайылым - 1 672,3 мың га;
шабындық - 27,2 мың га.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 846,6 мың га құрайды, оның ішінде:
егістік - 27,0 мың га;
тыңайған жер - 11,0 мың га;
жайылым - 788,3 мың га;
шабындық - 16,5 мың га.
Екібастұз өңірінде 843,8 мың га алаңда 373 ауыл шаруашылығының құрылымдары бар.

Мал шаруашылығы
2023 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылығы мал басының саны:
ІҚМ - 45 576 бас, 109,4% (2021 ж. - 41 671 бас);
жылқы - 29 571 бас, 117,4% (2021 Ж. - 25 184 бас);
құстар - 24 558 бас, 93,0% (2021 Ж. - 26 403 бас).
Тірі салмақта 6 463,9 тонна (107,2%) ет, 22 669,3 тонна (100,0%) сүт, 2 080,5 мың дана жұмыртқа (100,0%) өндірілді.

1.3. Құрылыс
2022 жылдың 12 айына құрылыс жұмыстарының көлемі 71,4 млрд.теңгені, НКИ - 104,2 құрады (2021 жылы - 65,9 млрд.теңге, НКИ - 105,4%).

1.4. Тұрғын үйді пайдалануға беру
2023 жылғы 1 қаңтарға пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 72,6 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде 5 КПТҮ - 50,0 мың шаршы метр, ЖТҚ - 22,6 мың шаршы метр, қарқыны - 104,7% (2021 жылы - 69,3 мың шаршы метр, қарқыны - 100,9%).

2. Инвестициялар
1 қаңтарға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 236,8 млрд. теңгені құрады (оның ішінде: кәсіпорындардың меншікті қаражаты - 216,4 млрд.теңге, бюджет қаражаты - 13,6 млрд. теңге), НКИ -106,1% (2021 жылы - 206,5 млрд. теңге, НКИ - 134,7%).

3. Шағын және орта кәсіпкерлік
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы бойынша 10 105 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі 89,6% - ды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,6 пайыздық тармаққа жоғары (2021 жылы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 87,0% -. құрады).

4. Сауда
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралағында бөлшек сауда айналымы 89,1 млрд.теңгені, НКИ - 100,1%-ды құрады (2021 жылы - 78,6 млрд. теңге, НКИ - 102,9%).
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралағында көтерме сауда айналымы 103,9 млрд.теңгені, НКИ - 113,2%-ды құрады (2021 жылы - 211,9 млрд. теңге, НКИ - 115,6%).

5. Бюджет
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджет көлемі 39 524,7 млн.теңгені, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттер 12 679,8 млн. теңгені құрады.
Қала бюджетіне жеке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімі 23 539,2 млн.теңгені немесе 100,5%-ды құрады.

Салық және бюджет
2023 жылдың 1 қаңтарына қала бюджетіне 23 539,2 млн.теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, жоспармен 23 431,9 млн. теңге немесе 100,5%.
Салық және жергілікті бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересі 507 822,1 мың теңгені құрады.

4 Бюджет деңгейі
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Екібастұз аймағы бойынша 4 деңгейдегі бюджет көлемі 676,1 млн.теңгені құрады.
Бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі - 114,0 млн.теңге, субвенциялар - 368,0 млн. теңге, меншікті кірістер - 193,3 млн. теңге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 0,8 млн.теңге.
2023 жылғы 1 қаңтарға меншікті салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімі 702,9 млн.теңгені құрады, жоспармен 676,1 млн. теңге немесе 104,0%.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,3% - ға немесе 683,2 млн.теңгеге орындалды.

6. Әлеуметтік сала
6.1 Еңбек нарығы
Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 616 адамды құрады. .
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 1 983 адам жұмысқа орналастырылды, 178- әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, жастар практикасы-125.
Қоғамдық жұмыстарға 281 жұмыссыз қатысты.
Барлығы 4 873 жаңа жұмыс орны құрылды (жоспармен - 4 640), оның ішінде 3 509 - тұрақты (жоспармен - 3 507), уақытша - 1 364 (жоспармен - 1 133).
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік көмек:
кедейлік шегіне дейін қосымша төлемдер - 4582 адам (1153 отбасы) 461,9 млн. теңге, 1147 отбасына (4560 адам) 463 млн. теңге;
тұрғын үй көмегін - 586 отбасына жалпы сомасы 13,7 млн.теңге төленді.

6.2. Еңбекке ақы төлеу
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 307 182 теңгені немесе 2021 жылға 119,9%-ды құрады (3 тоқсанға стат.деректер).

7. Білім беру
Ауданда 72 білім беру нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 41 мектеп, 28 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме.
Мектеп контингенті - 22 559 оқушы (2021 жылы - 22 034).
Ағымдағы оқу жылында педагогтардың саны - 1 930 (2021 жылы - 1 867) құрады.
Бір жастан 3 жасқа дейінгі балаларды қамту - 46,6%-ды немесе 1 364 адамды құрады;
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту-100%-ды немесе 5 734 адамды құрады;
Бір жылдан 6 жылға дейін қамту-81,9% немесе 7 098 адам;
Мектепалды даярлықпен қамту 100%-ды құрады.

8. Денсаулық сақтау
Екібастұз өңірінде 22 мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді: қалалық аурухана (перзентхана құрамында), ЕМК, №2 және №3 емханалар, 3 - дәрігерлік амбулаториялар, Байет ауылының 1 - ФАП және ауылдық аймақтағы 14 медициналық пункттер.
№1 емхана МЖӘ аясында сенімді басқарудағы «Дисконт» ӨК 1 - дәрігерлік амбулатория және ауылдық аймақтағы 5 медициналық пункт.
2022 жылдың 12 айында қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттану 2021 жылмен салыстырғанда 3,3% - ға өскені байқалды. Бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 2 564,9 адамды (2021 жылы - 2 483,1) құрады.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2021 жылмен салыстырғанда онкологиялық сырқаттану көрсеткішінің 20% - ға өсуі байқалады, 100 мың тұрғынға шаққанда 307,2 (2021 жылы-255,9) құрады, туберкулезбен сырқаттануа 2021 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің 0,8% - ға төмендегені байқалады (2021 жылы - 100 мың тұрғынға шаққанда 39,4, 2022 жылы-39,7).

9. Жолдар
Екібастұз қаласы бойынша қалалық жолдардың және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы - 777,4 км (оның ішінде: республикалық маңызы бар - 271 км, облыстық маңызы бар-55,9 км) қалалық жолдар - 177,6 км, аудандық маңызы бар жолдар - 272,9 км,
Ағымдағы жылы қанағаттанарлық және жақсы күйдегі жолдардың үлесі 79,8% - ды құрады.

10. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
7 ауылдық округ, 2 ауыл және 2 кентте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, олардың барлығында қызметтік автокөлік бар.
102 қоғамдық құрылым, оның ішінде 756 полицияның қоғамдық көмекшілері жұмыс істейді.
Тіркелген қылмыстар саны - 784 (2021 жылы - 835), оның ішінде көшелерде жасалғаны - 93 (2021 жылы-91). Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 11,8%-ды (2021 жылы - 10,8%) құрады.
2022 жылдың басынан 134 ЖКО (2021 жылы - 156), қаза болғандар - 33 адам (2021 жылы - 13), зардап шеккендер - 227 адам (2021 жылы - 245) тіркелді. 2021 жылмен салыстырғанда ЖКО-да қаза тапқандар саны (100 зардап шегуші) 158,8% - ға өсті, ЖКО-да зардап шеккендердің үлес салмағы 12,6% - ды құрады (2021 жылы-5,0%).

 

Дата публикации
15 января 2023