2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САРЫҚАМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

 

2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САРЫҚАМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

 

Құрметті сайтқа кірушілер!

 

         Сіздердің назарларыңызға Сарықамыс ауылдық округінің  негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2023 – 2025 жылдарға арналған  азаматтық бюджеті ұсынылды. 

 

          Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:

          - бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

          - бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;

          - ауылдық округтің бюджетін жоспарлау.

 

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы

 

          Ауылдық округтің бюджеті Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470  бұйрығымен  бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.

          2023-2025 жылдарға арналған Сарықамыс ауылдық округінің бюджеті:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
  • Қазақстан Республикасы қаржы министрінің  бұйрығымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес әзірленді.

 

          2023-2025 жылдарға арналған Сарықамыс ауылдық округінің бюджетінің жобасы  40 614 мың теңге көлемінде жобаланады, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 39 371 мың теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

    Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы

 

 

 

 

Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру

 

 

 

1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен  келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру 

 

Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру

 

Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін  екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту

 

 

 

Ауылдық округтің бюджетін жоспарлау

 

 

2023-2025  жылдарға арналған ауылдық округтің бюджетінің негізгі параметрлері

 

                                                                                                                мың. теңге

 

2023 год

2024 год

2025 год

Түсімдер, оның ішінде:

40 614

40 030

41 971

Салықтық түсімдер

1 243

1 435

1 491

Салықтық емес түсімдер

0

0

0

Трансферттердің  түсімі

37 371

38 595

40 480

Шығыстар

40 614

40 030

41 971

 

Түсімдер

 

          Сарықамыс ауылдық окрігінің бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтар,  жер салығы, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, жер учаскелерін пайдаланғаны төлем, бірыңғай жер салығы кірістерін есептегенде жалпы сомасы 1 243 мың теңгені.

Бұдан басқа, 2023-2025 жылдарда қалалық бюджеттен 37 371 мың теңге, 38 595 мың тенге және 40 480 мың теңге субвенциялар белгіленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

          2023 жылға ауылдық округтің жеке меншік кірістерінің көлемі 1 243 мың теңгені құрайды.

2024–2025 жылдарда жекеменшік кірістердің көлемі 1 435 мың теңгеге және 1 491 мың теңгеге  сәйкес құрайды.

 

 

 

 

Шығыстар

 

2023–2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеттің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.

2023 жылға арналған шығыстар анықталған, 2024-2025 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер жобаланған.

 

 

2023-2025 жылдарға арналған Сарықамыс ауылдық округінің бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары

                                                                                                                                 мың.теңге

 

Атауы

2023 год

2024 год

2025 год

Шығындар

40 614

40 030

41 971

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

29 785

30 760

32 330

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

9 480

7 854

8 168

Көлiк және коммуникация

1 349

1 416

1 473

 

 

 

           Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту

 

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырумен байланысты шығыстар сомасы 4 842 мың теңге, жарықтандыру  сомасы  2 197 мың теңге, ауылдық округті  абаттандыру мен  көгалдандыру сомасы 2 441 мың теңгені құрайды.

 

                                                                                                              

 мың.теңге

Атауы

2023 год

2024 год

2025 год

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шығыстар, барлығы

9 480

7 854

8 168

соның ішінде:

 

 

 

Елдi-мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру

 

4 842

5 084

5 287

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

 

2 197

2 307

2 399

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

 

2 441

463

482

 

 

Көлік және коммуникация

 

Шығыстар жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.

 

 

                                                                                                                       мың.теңге

                     Атауы

2023 год

2024 год

2025 год

Қөлік және коммуникацияға шығыстар, барлығы

1 349

1 416

1 473

соның ішінде:

 

 

 

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1 349

1 416

1 473

 

 

 

2023 жылға арналған бюджетте ауыл ішілік автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 1 349 мың теңге қарастырылған. Қаражаттар ауыл ішіндегі жолдарды қысқы мерзімде жол желісін ұстауға жұмсалды.

 

 

Дата публикации
20 декабря 2022