2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ШІДЕРТІ ПОСЕЛКЕСІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

  2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ШІДЕРТІ ПОСЕЛКЕСІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

 

 

 

Құрметті сайттың келермендері!

 

         Сіздердің назарларыңызға Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылған. 

 

          Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:

          - бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

          - бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;

          - поселок бюджетін жоспарлау.

 

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы

 

          Поселкенің  бюджеті жыл сайын үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне сәйкес әзірленеді.

          2023-2025 жылдарға арналған Шідерті поселкесі бюджеті:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне сәйкес әзірленді.

 

2023 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджетінің жобасы  127 444 мың теңге көлемінде, соның ішінде жоғарыдан түскен трансфенттер – 110 912 мың теңге құрайды.

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

        Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы

 

 

 

Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру

 

 

 

1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен  келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру 

 

Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру

 

Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін  екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту

 

Шідерті поселкесі бюджетін жоспарлау

 

2023-2025 жылдарға арналған Шідерті поселкесі  бюджетінің негізгі параметрлері

 

                                                                                                               мың теңге

 

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Түсімдер, оның ішінде:

127 444

114 990

123 156

Салықтық түсімдер

16 455

18 907

19 491

Салықтық емес түсімдер

77

81

84

Трансферттер

110 912

96 002

103 581

Шығыстар

127 444

114 990

123 156

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсімдер

 

Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық, жер салығы, заңды және жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, поселкенің коммуналды меншіктегі мүліктерін  жалға беруден түсетін кірістерді жалпы түсімдерден,  бірыңғай жер салығы  16 532 мың теңге құрайды.

2023-2025 жылдарда өз кірістердің көлемі 16 532 мың теңгені, сәйкес  18 988 мың теңгені және 19 575 құрайды. Бұдан басқа, 2023-2025 жылдарда қала бюджетінен субвенция 94 912 мың теңге, 96 002 мың теңге, және  103 581 мың теңгеге сәйкес сомада белгіленген.

                       

 

                                              Шығыстар

 

2023–2025 жылдарға арналған поселке бюджетінің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.

2023 жылға арналған шығыстар бекітілді, 2024-2025 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталды.

 

2023-2025 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджет шығыстарының негізгі бағыттары

                                                                                                                                мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Шығындар

127 444

114 990

123 156

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

48 422

50 820

53 849

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

52 231

33 843

35 197

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк

23 754

27 138

30 794

Көлiк және коммуникация

3 037

3 189

3 316

 

Мәдениет, спорт  және ақпараттық кеңiстiк

 

2023 жылға жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға штат саны 11 бірлік  «Юбилейный» мәдениет үйін ұстауға және мәдени шаралар өткізуге  23 754 мың теңге сомада шығыстар қарастырылған. Поселке аумағында мәдени-көпшілік іс-шаралар, мемлекеттік, ұлттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жоспарланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көлік және коммуникация

 

2023  жылға поселкенің жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға 2023 жылға арналған  поселке бюджетінде 3 037 мың теңге қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту

 

2023  жылы көшені жарықтандыруға 17 295 мың теңге сомада және 20 992 мың теңге елді мекенді аббатандыруға шығыстар жоспарланған. Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру 13 944 мың теңге.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 декабря 2022