2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕМІРЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

 

2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕМІРЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

 

 

 

Құрметті сайтқа кірушілер!

 

         Сіздердің назарларыңызға Теміржол ауылдық округінің  негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2023 – 2025 жылдарға арналған  азаматтық бюджетінің жобасы ұсынылған. 

 

          Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:

          - бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

          - бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;

          - поселке бюджетін жоспарлау.

 

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы

 

          Ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасы қаржы  министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470  бұйрығымен  бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.

          2023-2025 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің  бюджеті:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
  • Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес әзірленді.

 

          2023-2025 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің бюджеті 62 990 мың теңге көлемінде, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 57 644 мың теңге.

 

                                        Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы

 

 

 

 

Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру

 

 

 

1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен  келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру 

 

Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру

 

Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін  екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту

 

 

 

Теміржол ауылдық округі бюджетін жоспарлау

 

 

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеттің негізгі параметрлері

 

                                                                                                                мың. теңге

 

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Түсімдер, оның ішінде:

62 990

48 704

50 915

Салықтық түсімдер

5 346

6 219

6 431

Салықтық емес түсімдер

0

0

0

Трансферттердің  түсімі

57 644

42 485

44 484

Шығыстар

62 990

48 704

50 915

 

 

 

 

 

 

Түсімдер

 

          Ауылдық округінің бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтар,  жер салығы, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық,  жер учаскелерін пайдаланғаны төлем, түсетін кірістерді есептегенде жалпы сомасы 5 346 мың теңгені.

Бұдан басқа, 2023-2025 жылдарда қалалық бюджеттен 41 644 мың теңге, 42 485  мың тенге және 44 484 мың теңге субвенциялар белгіленген.

Ауылдық округінің жекеменшік кірістерінің көлемі 2023 жылға 5 346 мың теңге сомада.

2024-2025 жылдарда жеке меншік кірістердің көлемі 6 219 мың теңгеге және 6 431 мың теңгеге сәйкес құрайды.

 

 

Шығыстар

 

2023–2025 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округі бюджеттің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.

2023 жылға арналған шығыстар жобаланған, 2024-2025 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталған.

 

2023–2025 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары

                                                                                                                                 мың.теңге

 

Атауы

2023 год

2024 год

2025 год

Шығындар

62 990

48 704

50 915

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

32 577

33 570

35 176

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

25 497

9 972

10 371

Көлiк және коммуникация

4 916

5 162

5 368

 

Көлік және коммуникация

 

Шығыстар жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.

                                                                                                               мың.теңге

                     Атауы

2023 год

2024 год

2025 год

Қөлік және коммуникацияға шығыстар, барлығы

4 916

5 162

5 368

соның ішінде:

 

 

 

Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер

4 916

5 162

5 368

 

 

 

2023 жылға арналған бюджетте ауылдық округінің автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 4 916 мың теңге қарастырылған. Қаражаттар ауылдық округінің кіреберіс жолдарын ұстап тұруына жоспарлануда.

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту

 

 

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруына байланысты шығыстар    3 327 мың теңге сомада,  жарықтандыруға 5 040 мың теңге сомада жоспарланған.

 

                                                                                                                    мың.теңге

Атауы

2023 год

2024 год

2025 год

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шығыстар, барлығы

25 497

9 972,0

10 371,0

соның ішінде:

 

 

 

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

 

3 327

3 494

3 634

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

 

5 040

5 292

5 504

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

 

1 130

1 186

1 233

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

 

16 000

 

 

 

Дата публикации
20 декабря 2022