ГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТА СЕЛА ИМЕНИ АКАДЕМИКА АЛЬКЕЯ МАРГУЛАНА НА 2022-2024 ГОДЫ (15.12.2022)

 

2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ СЕЛОНЫҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

(2022 жылдың 15 желтоқсан жағдайы бойынша)

 

 

 

                               

 

 

Құрметті сайтқа кірушілер!

 

         Сіздердің назарларыңызға академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2022-2024  жылдарға арналған  азаматтық бюджеті ұсынылған. 

 

          Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:

          - бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

          - бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;

          - селоның бюджетін жоспарлау.

 

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы

 

          Селоның бюджеті Қазақстан Республикасы қаржы  министрінің 2014 жылғы       31 қазандағы № 470  бұйрығымен  бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.

          2022-2024 жылдарға арналған академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның бюджеті:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
  • Қазақстан Республикасы қаржы министрінің  бұйрығымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес әзірленді.

 

          2022-2024 жылдарға арналған академик Әлкей Марғұлан атындағы селосының бюджеті  36 562 мың теңгені құрайды, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 31 826 мың теңге.

 

 

 

 

    

    Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы

 

 

 

 

Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру

 

 

 

1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен  келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру 

 

Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру

 

Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін  екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту

 

 

 

Селоның бюджеті

 

2022-2024 жылдарға арналған селоның бюджеттің негізгі параметрлері

 

                                                                                                                мың. теңге

 

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Түсімдер, оның ішінде:

35 756

33 952

34 223

Салықтық түсімдер

3 930

2 879

2 972

Салықтық емес түсімдер

0

0

0

Трансферттердің  түсімі

31 826

31 073

31 251

Шығыстар

36 562

33 952

34 223

 

Түсімдер

 

          Село бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтар,  жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан түсетін кірістерді есептегенде жалпы сомасы      3 930 мың теңгені.

Бұдан басқа, 2022-2024 жылдарда қалалық бюджеттен 30 175 мың тенге, 31 073 және 31 251 мың теңге субвенциялар белгіленген.

 

 

 

 

 

 

 

          Селоның жекеменшік кірістерінің көлемі 2022 жылға 3 930 мың теңге.

2023-2024 жылдарда жекеменшік кірістердің көлемі 2 879 мың теңгеге және 2 972 мың теңгеге сәйкес құрайды.

 

 

Шығыстар

 

2022-2024 жылдарға арналған село бюджеттің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.

2022 жылға арналған шығыстар нақтыланды, 2023-2024 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталған.

 

2022-2024 жылдарға арналған академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары

                                                                                                                                 мың.теңге

 

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Шығындар

36 562

33 952

34 223

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

30 676

29 458

29 505

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

4 601

3 145

 3 302

Көлiк және коммуникация

1 285

1 349

1 416

 

      

Көлік және коммуникация

 

Шығыстар жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.

 

                                                                                                           мың.теңге

                     Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Көлік және коммуникацияға шығыстар, барлығы

1 285

1 349

1 416

соның ішінде:

 

 

 

Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер

1 285

1 349

1 416

 

 

 

2022 жылға арналған бюджетте селоның автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 1 285 мың теңге қарастырылған. Қаражаттар село және кіреберіс жолдарды ағымдағы  ұстауға және оларды қысқы мерзімде  бағыттауға, жазғы кезеңде көше-жол желісін ұстауға бағытталған.

 

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту

 

Жарықтандыруға байланысты шығыстар 4 601 мың теңгені құрайды.

                                                                                                                    мың.теңге

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шығыстар, барлығы

2 995

3 145

3 302

соның ішінде:

 

 

 

Елді мекендерде көшелерді жарыктандыру

2 995

3 145

3 302

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

806

 

 

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

800

 

 

 

Дата публикации
15 декабря 2022